АРЫСТА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АРЫСТА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс қаласында Түркістан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаевтың қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері және жастар өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуді қала әкімінің орынбасары Қуандық Ерғали Омарұлы жүргізді. Жиынға қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жастар қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына Жолдауында белгіленген 9-шы басым бағыт – «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру» мәселесі кеңінен қозғалды. Аталған бағыт аясында заң талаптарын сақтау, қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Өз сөзінде Ерболат Темірболатұлы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, қызмет алушылармен қарым-қатынаста әрдайым кішіпейіл әрі жауапты болу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, заң талаптарын мүлтіксіз орындау қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі кепілі екені айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қаржылық қауіпсіздік пен заң талаптарына қатысты нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.