
Бүгінгі кездесу барысында, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындардан аулақ болу мәселесі, Әдеп кодексінің талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және жолын кесу бойынша түсіндуру жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшілерге көзделген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қоғам тарапынан сынға себепкер болмау мемлекеттік қызметшінің міндеті екендігі атап өтілді.
Еңбек тәртібін сақтау мәселелері, қызметтік автокөлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану, басшылар қызметкерлерді негізсіз демалыс күндері жұмысқа тартпау туралы назарға жеткізілді.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауаптар берілді.