ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптары бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.

Бұдан бөлек, басшылар қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу бойынша түсіндірілді.