Қайтыс болғаны туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады?

Қайтыс болғаны туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады?

Өкінішке қарай, жақын адамыңыздан айырылған жағдайда, оның қайтыс болғаны туралы анықтаманы eGov порталынан онлайн ала аласыз.

Анықтама жерлеу, жерлеуге төлем тағайындау, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу үшін қажет.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын осы анықтаманың орнына қайтыс болғаны туралы куәлікті сұрататын, ал оны алу үшін түрлі ұйымдарға бару керек еді.

Анықтаманы алу үшін  келесі СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз

  1. Авторизациядан өтіңіз
  2. Марқұмның ЖСН-ын енгізіңіз
  3. Барлық жолды толтырыңыз
  4. Анықтама сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі

Өзіңізге және жақындарыңызға қорған болыңыз!