ZООM-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ZООM-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2025 жылдың 24 қараша күні zoom-конференциясы арқылы Арыс қаласы әкімдігіне қарасты мекеме басшыларының, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерімен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Zoom-конференциясы арқылы түсіндірме жұмыстары барысында Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі заңнама талаптарын қатаң сақтауды, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.

Сонымен қатар, дербес бөлім басшылары, бөлімге қарасты мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері өздеріне тиесілі қызметтік автокөлікті тек қызмет бабында пайдаланып, демалыс күндері және жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдаланбау қажет екендігі  қатаң түрде ескертілді.