
Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімі Қ.Маңқараевтың төрағалығымен өткен жиынға әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «Арыс қалалық Газ-техникалық инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары, теміржол мекемелері, бөлімдер мен тиісті мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліс барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Бейсенов және «Арыс қалалық Газ-техникалық инспекциясы» КММ директоры Б.Төрехан баяндама жасады. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жылыту пештері мен газ жабдықтарының техникалық жай-күйін тексеру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ, мәжіліс соңында Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Т.Анашбеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.