БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, бөлім басшыларына қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Б.Тульбасиев заңнама талаптары және оның зардаптары бойынша баяндама жасады.

Ал, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.