ӘДЕП КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ!

ӘДЕП КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ!

2025 жылдың 6 қараша күні мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі талаптары түсіндірілді.
Қатысушыларға адалдық қағидаттарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

         Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерге Әдеп кодексі талаптарын бұзудың құқықтық және моральдық салдары туралы атап өтті. Сондай-ақ, кодекс нормаларын қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталып, нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді.

         Ал, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертілді.

         Жиын соңында, мемлекеттік қызметшілер тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, заң аясында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.