
Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оны болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, оны болдырмауға өз үлесін қосуы міндетті екендігі ескертілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес, қызметтік қарым-қатынаста іскерлік және достық қатынастарды орнатуға және нығайтуға жәрдемдесу, әдеп нормаларын бұзуды болдырмау, сондай-ақ ұжымда кемсітушілік пен әріптестердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға жол бермеу қажеттілігі назарға жеткізілді.
Ал, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша айтылды.