✔ Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен https://amlacademy.kz/finiq платформасында қаржылық қауіпсіздік бойынша 2025 жылғы 10-20 қазан аралығында республикалық диктант өткізудің маңыздылығын түсіндірілді.
✔ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынас этикасы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қамтылды.
✔ Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар түсіндіріліп, оны болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.
✔ Сонымен қатар, басшылар қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері айтылды.
✔ Мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемелеріне бармауды және онлайн түрде бас тігуге болмайтындығы қатаң түрде ескертілді.