АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
 
Арыс қаласында экологиялық ахуалды жақсарту мен қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері, белсенді жастар, түрлі ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысты.
Бұл жолғы сенбілік Теміржолшы елді мекеніндегі өзен жағасында өтті. Қатысушылар табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жағалау бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, өзен маңын жайлаған арам шөптер оталып, айнала тазартылды.
Акцияның негізгі мақсаты — өзен-көлдер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстан арылту ғана емес, табиғатты қорғау ісіне қоғамның назарын аудару, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрғындардың жауапкершілік сезімін арттыру.
Мұндай бастамалар еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға және қоршаған ортаға жанашыр көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Таза табиғат — ұрпақ болашағына қалдырған баға жетпес мұра екенін сенбілікке қатысушылар ерекше атап өтті.
Арыс қаласында бұдан әрі де экологиялық бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.
 
Возможно, это изображение 11 человек и дерево
 
Возможно, это изображение 9 человек
 
Возможно, это изображение 7 человек
 
Возможно, это изображение 3 человека