ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арыс қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔷 Түсіндіру барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, халықпен қарым-қатынаста сыпайылық пен жауапкершілік таныту, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта да әдептілік қағидаларын ұстану мәселелері ескертілді.
🔷 Сондай ақ, мемлекеттік қызметшілер өздеріне жүктелген этикалық талаптарды орындауға міндетті екені ескертіліп, нақты мысалдар келтіріліп түсіндірілді.
🔷 Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптары түсіндіріліп, адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
🔷 Ал, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.
🔷 Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдары, қоғамға тигізер зияны, және оны болдырмаудың негізгі жолдары талқыланды.