Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауылдық округ әкімдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауылдық округ әкімдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔷 Ауыл әкімдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы, Әдеп кодексі талаптарын сақтау, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, әріптестерге діни наным-сенімдерін тықпаламау, сондай-ақ, қол астындағы қызметкерлерді діни бірлестіктер қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔷 Одан бөлек, мемлекеттік мекемедегі барлық қызметтік автокөліктерді тек қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалану тиістігі туралы айтылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері және тәртіптік жауапкершілік рәсімдері бойынша түсіндірілді.
 
Возможно, это изображение 5 человек