31 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Арыс қаласында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары белсене атсалысты.
Сенбілік барысында қала аумағында күл-қоқыстар жиналып, ағаштар түптеліп, көшелер мен саябақтар тазаланды. Аталған шара қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлес қосты.
Бұл бастама – Арыста экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызды бір көрінісі. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау – баршамыздың парызымыз.