Қазақстандағы демографиялық трендтер: 2024 жылдың қорытындысы және болжамдар

Қазақстандағы демографиялық трендтер:  2024 жылдың қорытындысы және болжамдар

Қазақстандағы демографиялық трендтер:
2024 жылдың қорытындысы және болжамдар

2024 жылы әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне айтарлықтай әсерін тигізетін халықтың қартаюы мен бала туу көрсеткіші төмендеуінің жаһандық үрдісі жалғасын тапты. Әлем өзінің демографиялық ауысуында бетбұрыс кезеңін бастан өткеруде. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да атап өтілді: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 жастан асқан адамдардың саны бес және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек".
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,3 млн асты, оның ішінде 25 жасқа дейін – 8,7 млн адам (42,8%), 25-тен 65 жасқа дейінгі жастағы адам саны – 9,7 млн адам (48,0%), 65 жастан асқандар саны – 1,9 млн адам (9,2%) .
Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді.

• Өмір сүру ұзақтығы және қарттардың үлесі
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде төмендегеннен кейінгі 2021 жылғы 70,23-тен 2024 жылы 75,44 жасқа дейін өсті.

2013-2024 жылдар аралығындағы орташа өмір сүру ұзақтығының өзгеру динамикасы мынадай:

2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
Бүкіл халық 70,62 71,44 71,97 72,41 72,95 73,15 73,18 71,37 70,23 74,44 75,09 75,44
Ерлер 65,91 66,90 67,49 67,99 68,72 68,84 68,82 67,09 66,33 70,26 70,99 71,33
Әйелдер 75,23 75,82 76,26 76,61 76,92 77,19 77,30 75,53 74,03 78,41 79,06 79,42

БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары 2050 жылға қарай өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (халықтың жалпы санындағы 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2009 жылғы 9,7%-дан 2024 жылы 13,9%-ға дейін өсті және 2050 жылға қарай 19%-ға дейін өседі деп болжануда. Яғни, 2050 жылға қарай орта есеппен әрбір бесінші қазақстандық 60 жастан асқан болады).

Жалпы халық санындағы 60 жастан асқан адамдардың
алатын үлесі туралы нақты дерек пен болжам