📌 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ!

📌 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ!
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
 
Арыс қаласы бірнеше теміржол желілері тоғысқан «Тоғыз жолдың торабы» болып саналатын қала. Алайда, үй жануарларының қараусыз қалуы салдарынан темір жолдар бойына шығып қауіпті жағдайлар туындатуда. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының автомобиль жолдарына шығып кетуі де жиі кездеседі. Бұл жағдайлар жолаушылар пойыздары мен қауіпті жүктері бар пойыздардың, жануарларға соқтығысуы, жылжымалы құрамның рельстен шығуы, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы немесе пойыздарды және автокөліктерді апатқа ұшыратуы мүмкін.
 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларының» 2 тарау:
6-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір жол және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді;
8 тармағына сәйкес, адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі.
Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес қаралатындығын ескертеміз.
 
Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 559 бабы «Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
 
Осыған байланысты, өз үй жануарларыңызды:
✔️қараусыз қалдырмауды;
✔️а/ш жануарларын міндетті түрде тіркеу және таңбалауды;
✔️төрт-түлік жануардың мойнына "жарық қайтарғыш" лентаны (светоотражающие) орнатуларыңызды сұраймыз.