Пешті пайдалану ережелерін сақтаңыздар!

Пешті пайдалану ережелерін сақтаңыздар!
Жылу құрылғыларын дұрыс пайдаланбау, пеш пен мұржалардың уақтылы тазаланбауы немесе электр сымдарының ақауы өрттің басты себептерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты тұрғындар жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз.
 
Пешті пайдалану кезінде:
• Пеш пен мұржаларды жылыту маусымында міндетті түрде тексеріп, тазалаңыз;
• Пешке жарылғыш және тез тұтанғыш сұйықтықтарды құйып от жағуға болмайды;
• Пешті бақылаусыз қалдырмаңыз және жатар алдында отты толық сөндіріңіз;
• Пештің алдына металл табақ (қалқан) орнатыңыз – бұл ұшқыннан өрттің таралуының алдын алады;
• Балаларға пеш жағуға және отпен ойнауға қатаң тыйым салынады.
 
Электр жылытқыштарын қолданғанда:
• Тек заводтық үлгідегі және техникалық талаптарға сай құрылғыларды пайдаланыңыз;
• Жылытқышты жанғыш заттардың (перде, жиһаз, киім) жанына қоймаңыз;
• Құрылғыны ұзақ уақытқа қосулы күйде қалдырмаңыз;
• Бір розеткаға бірнеше қуатты құрал қоспаңыз – ол электр желісін шамадан тыс жүктеуі мүмкін.
Газ және қатты отынды жылыту жүйелері:
• Газ құрылғыларын тек мамандардың қатысуымен орнату қажет;
• Түтін шығару жүйелерін жүйелі түрде тексеріп, бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.