Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты тақырыпта кіші футбол жарысы өткізілді.

Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты тақырыпта кіші футбол жарысы өткізілді.
Арыс қаласы «Футбол және ұлттық спорт клубы» КММ-нің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты тақырыпта Монтайтас ауылдық округінде 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында кіші футбол жарысы өткізілді.
 
Жарыстың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.
 
Жас футболшылар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, өздерінің шеберліктері мен командалық ұйымшылдығын танытты.
Жарыс соңында үздік шыққан командалар мен ойыншылар марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
 
Бұл шара жас өрендерге рух беріп, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды спорттық мереке ретінде өз мақсатына жетті.