Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын ұйымдардың тізбесін қалыптастыруға конкурстық рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізуші: «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Түркістан облысының білім басқармасы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығының талаптарына сәйкес облыстағы меншік нысанына қарамастан мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға (0-18 жас аралығындағы балалар үшін жалпы саны 500 орынға) конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау Қағида талаптарына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі, 2025 жылдың 5 мамыр сағат 19.00 дейін. Электрондық форматта bilim.tapsyru@mail.ru электронды мекен-жайына жолданады.
Конкурстық рәсімге Қағиданың 8-тармағына сәйкес:
Конкурсқа қатысуға мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұйымдар және:
1) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша өтінішке (бұдан әрі - өтініш) сәйкес № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзылыстар санаттары (есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты, зердесі, сөйлеу тілі бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутистік спектрдің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылыстары) бойынша орындар санын;
2) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайларды;
3) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес жағдайларды;
4) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлауды (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);
5) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайларды, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімді ортаны және арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды № 385 бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес ұйымдастыруды;
7) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жабдықталуды;
8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық немесе тиісті бейін бойынша өзге кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Үлгі штаттар) штат санымен;
10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелуді қамтамасыз еткен ұйымдар жіберіледі.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) Ұйым басшысының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен жасалған шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат немесе мерзімі мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру уақыты аяқталғанға дейін жарамды жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шарты бар жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.
Ескерту: Хабарландыруда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы ұйым құжаттарын Конкурстық комиссияның қарауына жіберілмейді.
Конкурстық рәсімге қатысу үшін басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттар 2025 жылдың 5 мамыр сағат 19.00-ге дейін Білім басқармасының электрондық поштасына bilim.tapsyru@mail.ru электрондық форматта тапсырылуы керек.
Үміткер ұйымдардың ұсынған құжаттарын қарау рәсімі 6 мамыр 2025 жылы Түркістан қаласы, 32 көше «Басқармалар үйі» 2 қабат Білім басқармасында ұйымдастырылады.
|
|
Мүмкіндігі шектеулі |
|
|
Нысан* |
|
|
____________________________ |
Өтініш
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін
________________________________________________________
(Ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
1) Ұйымның жаңа орындарының саны (бұзылулар санаттары бойынша):_____________________
2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың нақты контингенті:___бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ___ бала;
3) бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы____________________________________.
(орналастырылған/орналастырылмаған)
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде Ұйымға мүмкіндіктері шектеулі балаларды Ұйымның нақты жобалық қуаты шегінде қабылдау бойынша талаптарды сақтауға;
2) № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген ұйымдар қызметінің талаптарын сақтауға;
3) ай сайын Ұлттық білім беру дерекқорына өзінің:
-мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде білім басқармасы қалыптастырған контингентке кіретіндер туралы;
- педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпаратын толтыруға;
4) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
5) осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтауға кепілдік береді.
1) балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек қана облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының жолдамалары және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша қабылдау;
2) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген), "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.
Басшы _______________________________________
(Ұйымның атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Толтырылған күні "_____" ____________ 20____жыл.
*Ескерту: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымның бланкісінде толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.