Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша
ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫ
|
№ |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
2024 жыл І тоқсан орындалуы |
|
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ |
|||
|
1. |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2023 ж. – 99,5%; 2024 ж. – 99,7%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. –100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; |
2023-2029 жылдар |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету №254 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға оң септігін тигізуде және мемлекеттік органдардың қатысуынсыз ата-аналар өздері таңдаған балабақшаға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Облыста 1423 мектепке дейінгі ұйымдары (265 мемлекеттік, 1110 жекеменшік, 2 арнайы мектеп-балабақша, 45 – мектеп жанындағы шағын орталық, 1 балабақша-бастауыш мектеп) қызмет атқаруда. Мектепке дейінгі біліммен 2-6 жас аралығындағы қамтылған балалар үлесі – 97,8% құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша; Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес 2024 жылдың 17 мамырында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 5000 мемлекеттік тапсырыс орнына конкурс жарияланып, конкурс нәтижесі бойынша 3654 (жаңа 14 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 1259, қосымша топтарға 2365 орын) мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Сонымен қатар, Қағида талаптарын сәйкес 9-қыркүйекте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қосымша 5000 мемлекеттік тапсырыс орнына конкурс жарияланды. Конкурсқа 222 мектепке дейінгі ұйымдар өтінім білдірген. Түркістан қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастырылған мемлекеттік тапсырыс саны өсуі мүмкін. |
|
Орта білім беру |
|||
|
2. |
Үш ауысымды 15 және апатты 4 мектептің мәселелерін шешу: - 3 апатты мектептің құрылысы Мемлекет басшысының 2024-2025 жылдары аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы және «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында; - 1 апатты мектептің құрылысы «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында; Үш ауысымды 15 мектеп 1000 мектеп жобасымен: 1. Түркістан қаласының "Бірлік" мөлтек ауданынан ауданында 600 орындық мектеп салу. 2. Арыс қаласыдағы “М. Әуезов" мектебіне 200 орындық қосымша оқу блогын салу. 3. Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округінің "Мақташы" елді мекенінде 200 оқушыға арналған жалпы орта мектеп салу. 4. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы Арал Эко-массивінде 600 оқушыға арналған мектеп салу. 5. Сайрам ауданы Нұржанқорған ауылындағы №62 Анартаева негізгі орта мектебіне 300 оқушыға арналған оқу корпусын, акт залын, асхана мен шеберхана салу. 6. Сарыағаш ауданы, Құркелес ауыл округі, Нұрлы жол ауылынан, №50 Б.Омаров атындағы 300 орындық мектеп салу. «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 7 мектеп: 1. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек ауданы Кентау тас жолы сол бетінен 1200 орынды мектеп. 2. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек аудан А.Юсупов көшесінен 900 орынды мектеп. 3. Ордабасы ауданы, Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан 600 орынды мектеп. 4. Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылынан 300 орынды мектеп. 5. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылынан 900 орынды мектеп. 6. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Б.Оспанов көшесінен 300 орынды мектеп. 7. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданынан 1500 орынды мектеп. Жекеменшік мектеп салу арқылы 2 мектеп: 1. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылынан 2 км-де 2020 жылы пайдалануға берілген жобалық қуаты 600 орындық Бәйтерек жалпы білім беретін мектебі бар, онда 390 оқушы оқиды. Осыған байланысты ата-аналарға Амангелді атындағы мектептен көшіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылынан жеке кәсіпкер өз есебінен 250 орындық салды. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар дайындалуда.
|
2024-2025 жылдар
|
Облыста жалпы 1075 мектепте 554 308 оқушы білім алады. Мемлекеттік мектептің 784-і типтік, 129-і ыңғайластырылған (оның ішінде: 30-ы саманды) ғимаратта орналасқан. Сонымен қатар, 5 үш ауысымды және 4 апатты мектеп бар. Мемлекеттік бюджет есебінен 2024-2025 жылдар аралығында 20 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне 4 мектеп тапсырысла, қалған 9-ы 2024 жыл соңына дейін пайдаланылуға беріледі. Ал, 6 мектептің құрылысы 2025 жылға өтпелі. Облыста 2024-2025 жылдары пайдалануға берілетін 29 жайлы мектепке (22 900 орындық) 21 071 оқушы қабылданады деп жоспарланып отыр. 29 мектептің 22-сі жаңадан ашылады, 7-уі ғимараты апаттық, ескі жағдайдағы қолданыстағы мектептерге беріледі. 29 Жайлы мектептің іске қосу мерзімі - 2024 жылдың 18 қазанда – 1 мектеп; - 2024 жылдың 15 қарашада – 2 мектеп; - 2024 жылдың 1 желтоқсан – 11 мектеп; - Ағымдағы жылдың аяғына – 15 мектеп аяқталуы күтілуде. Оқушылар және педагогтармен қамтамасыз ету Жайлы мектептерді іске қосу арқылы облыстағы апаттық және үшаусымды (3 мектеп) мектептерді жою жүзеге асырылады. Жалпы 29 жайлы мектептің жобалық қуаттылығы 22 900 оқушы орынға негізделе отырып, 2505 педагог жұмысқа қабылдануы тиіс. Оның ішінде 1820 педагог ауысу тәртібімен, ал, 685 педагог конкурстық тәртіппен қабылданады. 29 жайлы мектепке 1011 техникалық қызметкерлер қабылданады. Қазіргі таңда, 26 техникалық қызметкер жұмыс істеуі тиіс. Кадрлық қамтамасыз ету Білім беру ұйымдарына педагогтерді қабылдау туралы қолданыстағы нормаларға сәйкес (ҚР БҒМ №57 бұйрығы) 4 жайлы мектептің директоры тағайындалды. Оның 3-уі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігіне ұқсас әзірленген Оқу ағарту министірлігінің «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінен алынды.Педагогтердің біліктілігін арттыру Жайлы мектептердің педагогтарының біліктілігін арттыру бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен» келісім шарт негізінде қазіргі таңда 41 мұғалімі білімін жетілдіруде. Жалпы, 1904 педагогты оқыту бойынша келісім-шарт жасалған. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» акционерлік қоғамымен 160 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтеуде. Оқулықтармен қамтылуы Жайлы мектептерді оқулықтармен және көркем әдебиеттерімен қамтамасыз ету, оқушылары ауысатын мектептерден баланстан балансқа беру тәртібімен әр ауысқан оқушының оқулығы қоса беріледі. |
|
3. |
«Шағын қалаларда, аудан орталықтарында жыл сайын кемінде 100 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту» 2023 ж. – 108 нысан; 2024 ж. – 108 нысан; 2025 ж. – 108 нысан;
|
2023-2025 жылдар |
2024 жылға облысымызда 108 мектеп жаңғырту Атап айтқанда: - 6– мектепті күрделі жөндеу; - 25–мектепті ағымдағы жөндеу; - 53 – мектепті пәндік кабинеттермен қамту; - 24– мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары. Күрделі жөндеу жұмыстары, ағымдағы жөндеу, пәндік кабинеттер, кітапхана қорына көркем әдебиеттерді жаңғырту үшін мемлекеттік сатып алу порталына жарялау, мердігерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 105 пәндік кабинет алу жоспарлануда (физика-25, химия-25, биология-25, STEM-25, робототехника-5). 2023 жылы 240 пәнді кабинетке Сауран, Сарыағаш, Кентау және Созақ аудандары 60 кабинетпен қамтылып, 2024 жылға 265 (180 кабинет 2023 жылдан өтпелі) пәндік кабинетке. |
|
4. |
Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу: 2023 ж. – 18 объект; 2024 ж. – 22 объект; 2025 ж. – 22 объект; 2026ж. – 30 объект; 2027ж. – 15 объект; 2028ж. – 15 объект; 2029ж. – 15 объект;
|
2023-2029 жылдар |
2024 жылы 22 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Өткен жылы 5 мектеп жұмысы толық аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 16 мектеп қаржысы 2025 жылға өтпелі, алайда, күрделі жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмейді. 2024 жылы 22 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы құны – 7,7 млрд. теңге қаржы қаралды. О.і.: «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында – 7 мектеп, облыстық бюджеттен – 15 мектеп. |
|
5. |
Мектептерде химия, биология, физика және STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу: 2023 жылы – 240 кабинет, 75%; 2024 жылы – 265 кабинет, 80%; 2025 жылы – 220 кабинет, 90%; 2026 жылы – 40 кабинет, 92%; 2027 жылы – 45 кабинет, 94%; 2028 жылы – 45 кабинет, 96%; 2029 жылы – 94 кабинет, 100%.
|
2023-2029 жылдар |
Шағын мектептерді қоспағанда (олар 82) облыстағы 826 мектептің 2 201 арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде: 1 256-сі жаңа модификацияланған пәндік кабинеттер, бұл көрсеткіш - 57%-ды құрайды. (физика кабинеті – 444, химия кабинеті – 428, биология кабинеті – 359, STEM кабинеті – 25). Мектептерде 2023-2025 жылдар аралығында – 725 пәндік кабинеттерге деген қажеттілік бар. (физика – 161, химия – 145, биология – 161, STEM – 161, робототехника - 97). 2023 жылы – 240 пәндік кабинет алынып, жалпы кабинет саны –1 496-ны, көрсеткіш – 68%-ды құрады. Анықтама: 2024 жылы – 265 пәндік кабинет алынады, кабинет саны – 1 761-ге жетіп, қамту көрсеткіші – 80%-ды құрайды (физика-53, химия-53, биология-53, STEM-53, робототехника-53); 2024 жылы – 265 пәндік кабинетке облыстық бюджеттен 3 млрд. 498 млн. 095 мың тг. қаржы қаралып (53 физика, 53 химия, 53 биология, 53 STEM, 53 робототехника) конкурстық шаралары жүргізілуде. 2025 жылы – 220 пәндік кабинет алынады, кабинет саны – 1 981-ге жетіп, қамту көрсеткіші – 90%-ды құрайды (физика-44, химия-44, биология-44, STEM-44, робототехника-44). |
|
6. |
Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру: 2023 ж. – 7251 дана; |
2023-2025 жылдар |
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2023 жылы 651,6 млн теңге қаржы бөлінді. Мектептерге 7 533 дана бейнекамера орнатылып, 747 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды.
|
|
7. |
Орта білім беру ұйымдарын ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету 2023 жыл – 100% |
2023-2025 жылдар |
Облыстағы орта білім мекемелерінің барлығы ішкі әжетханалармен қамтамасыз етілген. 2023 жылы өзекті мәселелер қатарында болған Одан басқа, 114 мектептің ішкі жылы әжетханаларының аралық бөліктерін талапқа сәйкестердіруге және су жүйесінің дұрыс жүргізілуіне жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп (мысалы: су толтыратын бөшкелерін, жеке септигінің көлемдерін ұлғайту және т.б. жұмыстары толық аяқталды). |
|
8. |
Орта білім беру ұйымдарын 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықты Интернет желісімен қамтамасыз ету 2023 жылы – 75% 2024 жылы – 80% 2025 жылы – 85% 2026 жылы – 90% 2027 жылы – 93% 2028 жылы – 97% 2029 жылы – 100% |
2023-2025 жылдар |
Облыстағы 913 мемлекеттік мектептің 904-і немесе 99,4%-ы интернетпен қамтамасыз етілген. 511 мектеп-«ҚазақТелеком» АҚ, 389 мектеп–«ТрансТелеком» АҚ, 2 мектеп – радио көпір және 1 мектеп – KAP-технологиясы арқылы. Қазіргі таңда, интернет жылдамдығы төмен, яғни, 10 мбит/с дейінгі жылдамдықтағы 667 мектептің интернет жылдамдығын арттыру бойынша облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған мәселе мектептерге 330 дана Starling құрылғысын орнату арқылы 2024 жылдың бірінші тоқсанында толық шешімін тапты. |
|
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ |
|||
|
9. |
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Bilim Land» ЖШС-нің Bilimcentеr.kz цифрлық платформасын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушыларды оқыту (PISA математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану) (1 мектепке платформаның құны 40 мың тг). 2018 ж: жаратылыстану – 373, математика – 401, оқу сауаттылығы – 368 2022 ж: Жаратылыстану – 380, математика – 410, оқу сауаттылығынан – 380 2026 ж: Жаратылыстану – 385, математика – 415, оқу сауаттылығынан – 385 |
2023-2025 жылдар
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуының кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 17 наурыздағы №103 бұйрығына сәйкес 2023 жылы 4 - 29 сәуір аралығында кесте бойынша 27 білім беру ұйымдарынан (25-мектеп, 2-колледж) НОБД-ға сәйкес іріктелініп алынған 887 оқушының 881-і (99,3%) қатысып, 6 оқушы (оның ішінде еңбекке жарамсыз парағында – 6,) зерттеуге қатыспады. Тестілеу барлық талаптарға сай, кестеге сәйкес өткізілді. |
|
Қосымша білім беру |
|||
|
10. |
Балалардың сауықтыру лагерлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, Музыка және көркемсурет мектептері және т. б.): 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу. Олар: 2024 жылы –600 орындық «Оқушылара сарайы»; 2024 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»;
|
2024-2025 жылдар |
Түркістан облысында биылғы 2024 оқу жылында облыста 30 жазғы сауықтыру лагерлері (оның: 9 мемлекеттік, 21 жекеменшік) мен 8 этно және шатырлы (Кентау-1, Төлебиде-2, Түлкібас-2, Қазығұрт-2, Созақ-1) лагерлер қызмет көрсететті. Жалпы облыстағы 998 мектептер жанындағы тамақпен және тамақсыз лагерьлерде 320 641 бала қамтылды. Онда: - әлеуметтік жағдайына байланысты 35434 бала бюджет есебінен тегін; - 20 000-нан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалды. Бір балаға жазғы сауықтыруға бөлінген қаржы – 59954 теңгені құрады. Қала сыртындағы лагерлер маусым айының 10-нен тамыз айының 30-на дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Бұған қоса, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен биылғы жылы облыста 3 421 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылатын болады. Сонымен қатар, 2024 жылы жаз айларында 554 (жыл бойына 1464 оқушы) бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады деп жоспарлануда. |
|
Техникалық және кәсіптік білім беу |
|||
|
44 |
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету: 2023 ж. – 15 300 орын; 2024 ж. – 15 500 орын; 2025 ж. – 16 000 орын;
|
2023-2025 жылдар |
2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс 15 500 орын белгіленген. Өңірдің экономикалық дамытуда еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес 26 924 орынға сұраныстар түсті. - өңірдегі мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мекемелері үшін оқуын жоғары оқу орындарында жалғастыратын ТжКБ білімі бар кадрларды даярлау қажеттілігі туындауына байланысты білім беру саласы үшін 3 993 орын; - өнер және гуманитарлық ғылымдар үшін – 275/ 175 орын; - әлеуметтік ғылымдар және ақпарат саласы үшін – 250/ 425 орын; - өңірде кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кәсіпкерлік басқару және құқық саласы үшін 375/ 659 орын; - жаралыстану ғылымдар үшін – 25/ 75 орын; -өңірдегі экономика салаларын цифрландыру, өндіріске ақпараттық технологияларды ендіріп, автоматтандыру мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласы үшін 1950/ 2865 орын; - облыстағы құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін білікті кадрларды даярлау даярлау және өндірісті дамыту мақсатында инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары үшін 8375/ 12 829 орын; -аграрлық болып табылатын өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария саласы үшін 700/ 1480 орын; - денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін даярлау және әлеуметтік қызмет үшін – 675/ 1652 орын; - қызмет көрсету кадрларын даярлау үшін – 1575/ 2771 орындар бөлініп, жалпы 26 924 орынға сұраныстер келіп түсті. |
|
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ |
|||
|
63 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізу, қорытындысы бойынша ұсынымдар ендіріліп, іс-шара жоспарын әзірлеу; |
2023-2025 жылдар |
Түркістан облысының білім саласында жалпы 193 мекеме (Білім басқармасы, 17 білім бөлімі (805 мектеп білім бөлімдері арқылы қаржыландырылады), 95 жан басына қаржыландырылатын мектептер, 14 дарын мектеп интернаттары, 8 арнайы мектеп интернаттар, 6 мектеп интернат, 2 кешкі мектеп, 1 балабақша мектеп, 2 мектептен тыс мекеме,10 қосымша білім беру мекемелері, 4 санаторлық балабақша, 2 УПК, 27 ПМПК, 4 балалар үйі) қазынашылық департаменті арқылы код ашылып қаржыландырылады. Түркістан облысы бойынша бухгалтерлік сүйемелдеуді жүргізуге бөлінген қаржы көлемі мемлекеттік сатып алудың (алдынала іріктеу) конкурстық тәсілмен өткен 16 аудандық, қалалық (Түркістан қаласындағы мектептер жанбасына қаржыландырылатын болғандықтан мемлекеттік сатып алу баға ұсынысы негізінде өткізіліп 1С бағдарламасы жеңімпаз болып танылған) білім бөлімдерінің мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «КонсалтингСофт» ЖШС-гі (Фаворит) маусым айында (Төлеби ауданының конкурсы тамыз айында анықталған) жеңімпаз болып танылып шілде айынан 272 972,0 мың теңгеге келісімдер жасалынды. (Кентау қаласында 10 мектеп, Түлкібас ауданында 61мектеп 2023 жылдан Фоварит бағдарламасында толық жұмыс жасауда). Осыған орай, барлық аудан, қалаларда орналасқан мектептердегі тиісті мамандарды оқыту және қызметкерлердің мәліметтерін енгізу жұмыстары бойынша, Басқарма қызметкерлері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша демартмаменті қызметкерлерінің қатысуымен мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, 14 ауданда 100%-ға мектептердегі тиісті мамандарды оқыту бойынша жұмыстар аяқталып, қызметкерлердің мәліметтерін енгізу жұмыстары 91%-ға жүргізілді. |