Түркістан облысы білім басқармасының облыстық мекемелерінің қамқоршылық кеңесі құрылады. (ҚР БҒМ №355 бұйрығы негізінде 2012 жылы 27 шілде )
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Қосымша сұрақтар бойынша: 5-93-13
Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы - Әлия Таңатқызы 8701 605 67 97