Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша
ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫ
№ |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
2024 жылға орындалуы |
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ |
|||
1. |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2023 ж. – 99,5%; 2024 ж. – 99,7%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. –100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; |
2023-2029 жылдар |
Облыс бойынша 1409 мектепке дейінгі ұйымдар (1348-і облыстық бюджеттен қаржыландырылған) қызмет етеді. 263-мемлекеттік,1096 жекеменшік (1007 мемлекеттік тапсырыс орналастырылған), 47 – мектеп жанындағы шағын орталық. 2-6 жастағы (155 397 бала) балаларды қамту 98,9 % құрады. |
2. |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 1 888 педагог; 2024 ж. – 1 997 педагог; 2025 ж. – 2 005 педагог; 2026 ж. – 2 036 педагог; 2027 ж. – 2 076 педагог; 2028 ж. – 2 098 педагог; 2029 ж. – 3000 педагог. |
2023-2029 жылдар |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 1843 педагогтері біліктілік артыру курсымен қамтамасыз етілді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы - 1041; Педагогикалық шеберлік орталығы – 490; Балаларды ерте дамыту институты-250; Адамды үйлесімді дамыту Ұлттық орталығы - 62 |
3. |
Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру: 2023 ж. – 762 дана; 2024 ж. – 852 дана; 2025 ж. – 961 дана; 2026 ж. – 1 000 дана; 2027 ж. – 1 020 дана; 2028 ж. – 1 030 дана; 2029ж. – 1 112 дана. |
2023-2029 жылдар |
Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру макқсатында 2023 жылы 762 дана алынды. |
4. |
Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі: 2023 ж. – 55,6%; 2024 ж. – 60,2%; 2025 ж. – 63,5%; 2026 ж. – 65,7%; 2027 ж. – 70,4%; 2028 ж. – 75,1%; 2029 ж. – 80,0%. |
2023-2029 жылдар |
Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі 55,6 % |
5. |
Оқу-әдістемелік жұмыстарды басқару процесінде орталықтандырылған автоматты жүйені ендіру: 2023 ж. – 0; 2024 ж. – 10 %; 2025 ж. – 50,0% 2026 ж. – 70,0%; 2027 ж. – 80,0%; 2028 ж. – 90,0%; 2029 ж. – 100%.? |
2023-2025 жылдар |
«Bilimkids» платформасын 200 балабақшалар қолдануда |
6. |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған дамытушы цифрлық контентін құру: 2023 ж. – 10%; 2024 ж. – 32%; 2025 ж. – 55%. 2026 ж. – 65,7%; 2027 ж. – 70,4%; 2028 ж. – 75,1%; 2029 ж. – 80,0%.? |
2023-2025 жылдар |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған дамытушы цифрлық контентіне 10%
|
Орта білім беру |
|||
7. |
Үш ауысымды 15 және апатты 8 мектептің мәселелерін шешу: - 3 апатты мектептің құрылысы Мемлекет басшысының 2022-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы - 3 апатты мектептің құрылысы «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында; - 2 апатты күрделі жөндеу жұмыстары арқылы; Үш ауысымды 15 мектеп 1000 мектеп жобасымен: 1. Түркістан қаласының "Бірлік" мөлтек ауданынан ауданында 600 орындық мектеп салу. 2. Арыс қаласыдағы “М. Әуезов" мектебіне 200 орындық қосымша оқу блогын салу. 3. Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округінің "Мақташы" елді мекенінде 200 оқушыға арналған жалпы орта мектеп салу. 4. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы Арал Эко-массивінде 600 оқушыға арналған мектеп салу. 5. Сайрам ауданы Нұржанқорған ауылындағы №62 Анартаева негізгі орта мектебіне 300 оқушыға арналған оқу корпусын, акт залын, асхана мен шеберхана салу. 6. Сарыағаш ауданы, Құркелес ауыл округі, Нұрлы жол ауылынан, №50 Б.Омаров атындағы 300 орындық мектеп салу. «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 7 мектеп: 1. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек ауданы Кентау тас жолы сол бетінен 1200 орынды мектеп. 2. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек аудан А.Юсупов көшесінен 900 орынды мектеп. 3. Ордабасы ауданы, Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан 600 орынды мектеп. 4. Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылынан 300 орынды мектеп. 5. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылынан 900 орынды мектеп. 6. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Б.Оспанов көшесінен 300 орынды мектеп. 7. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданынан 1500 орынды мектеп. Жекеменшік мектеп салу арқылы 2 мектеп: 1. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылынан 2 км-де 2020 жылы пайдалануға берілген жобалық қуаты 600 орындық Бәйтерек жалпы білім беретін мектебі бар, онда 390 оқушы оқиды. Осыған байланысты ата-аналарға Амангелді атындағы мектептен көшіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылынан жеке кәсіпкер өз есебінен 250 орындық салды. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар дайындалуда.
|
2023-2025 жылдар
|
Облыста жалпы 1032 мектепте 519 904 оқушы білім алады. (Анықтама: 909-мемлекеттік мектепте – 487 926 оқушы, 123-жекеменшік мектепте – 31 978 оқушы). Мемлекеттік мектептің 729-ы типтік, 147-і ыңғайластырылған және 33-і саманды ғимаратта орналасқан. Сонымен қатар, 5 үш ауысымды және 7 үш ауысымға өтпелі мектеп тіркелген. Облыста 4 апатты мектеп бар. Мемлекеттік бюджет есебінен 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектептің құрылысын салу жоспарланған. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджет есебінен құрылысы жүргізілген 33 мектептің 2023 жылы 18-і тапсырылса, қалған 15 мектеп 2024 жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары облыста жобалық қуаттылығы 49 мың оқушы орындық 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Ұлттық жоба шеңберінде: - 2024 жылы – 29 мектеп; - 2025 жылы – 34 мектеп пайдалануға беріледі. Оларға қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде |
8. |
«Шағын қалаларда, аудан орталықтарында жыл сайын кемінде 100 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту» 2023 ж. – 108 нысан; 2024 ж. – 108 нысан; 2025 ж. – 108 нысан;
|
2023-2025 жылдар |
Жыл қортындысымен облыста 108 мектеп жаңғыртудан өтті. Оның ішінде: - 14 – мектепті күрделі жөндеу (4 377,7 млн. теңге); - 10 – мектепті ағымдағы жөндеу; - 69 – мектепті пәндік кабинеттермен қамту; - 15 – мектеп жиһаздарын жаңғырту; - 108 – мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары. - 108 – қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Бүгінгі таңда, күрделі жөндеу жұмыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен қамту, жиһазбен қамту, мектеп асханаларын жаңғырту, мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары жоғарыда аталған мектептерде толығымен аяқталған. Жол картаға сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын облысымыздағы 108 мектептен беріледі.
|
9. |
Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу: 2023 ж. – 18 объект; 2024 ж. – 14 объект; 2025 ж. – 22 объект; 2026ж. – 30 объект; 2027ж. – 15 объект; 2028ж. – 15 объект; 2029ж. – 15 объект;
|
2023-2029 жылдар |
2023 жылы 21 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Өткен жылы 16 мектеп жұмысы толық аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 5 мектеп 2024 жылға өтпелі. Аталған 5 мектептің 2-де оқушылар көрші мектептерге тасымалдануда. (Қалған, 3 мектептегі жөндеу жұмыстары оқу процессіне кедергі келтірмейді. |
10. |
Мектептерде химия, биология, физика және STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу: 2023 жылы – 240 кабинет, 75%; 2024 жылы – 265 кабинет, 80%; 2025 жылы – 220 кабинет, 90%; 2026 жылы – 40 кабинет, 92%; 2027 жылы – 45 кабинет, 94%; 2028 жылы – 45 кабинет, 96%; 2029 жылы – 94 кабинет, 100%. |
2023-2029 жылдар |
Шағын мектептерді қоспағанда (олар 82) облыстағы 826 мектептің 2 201 арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде: 1 256-сі жаңа модификацияланған пәндік кабинеттер, бұл көрсеткіш - 57%-ды құрайды. (физика кабинеті – 444, химия кабинеті – 428, биология кабинеті – 359, STEM кабинеті – 25). Мектептерде 2023-2025 жылдар аралығында – 725 пәндік кабинеттерге деген қажеттілік бар. (физика – 161, химия – 145, биология – 161, STEM – 161, робототехника - 97). 2023 жылы – 240 пәндік кабинет алынып, жалпы кабинет саны –1 496-ны, көрсеткіш – 68%-ды құрады. Анықтама: 2024 жылы – 265 пәндік кабинет алынады, кабинет саны – 1 761-ге жетіп, қамту көрсеткіші – 80%-ды құрайды (физика-53, химия-53, биология-53, STEM-53, робототехника-53); 2025 жылы – 220 пәндік кабинет алынады, кабинет саны – 1 981-ге жетіп, қамту көрсеткіші – 90%-ды құрайды (физика-44, химия-44, биология-44, STEM-44, робототехника-44).
|
11. |
Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру: 2023 ж. – 7251 дана; |
2023-2025 жылдар |
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2023 жылы 5,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Мектептерге 7 152 дана бейнекамера орнатылып, 750 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды.
|
12. |
Орта білім беру ұйымдарын ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету 2023 жыл – 100% |
2023-2025 жылдар |
Облыстағы ортабілім мекемелерінің барлығы ішкі әжетханалармен қамтамасыз етілген. 2023 жылы өзекті мәселелер қатарында болған Одан басқа, 114 мектептің ішкі жылы әжетханаларының аралық бөліктерін талапқа сәйкестердіруге және су жүйесінің дұрыс жүргізілуіне жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп мысалы: су толтыратын бөшкелерін, жеке септигінің көлемдерін ұлғайту және т.б. жұмыстары толық аяқталды. |
13. |
Орта білім беру ұйымдарын 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықты Интернет желісімен қамтамасыз ету 2023 жылы – 75% 2024 жылы – 80% 2025 жылы – 85% 2026 жылы – 90% 2027 жылы – 93% 2028 жылы – 97% 2029 жылы – 100% |
2023-2025 жылдар |
Облыстағы 909 мемлекеттік мектептің 904-і немесе 99,4%-ы интернетпен қамтамасыз етілген. 511 мектеп – «ҚазақТелеком» АҚ, 389 мектеп – «ТрансТелеком» АҚ, 2 мектеп – радио көпір және 1 мектеп – KAP-технологиясы арқылы. Қазіргі таңда, интернет жылдамдығы төмен, яғни, 10 мбит/с дейінгі жылдамдықтағы 667 мектептің интернет жылдамдығын арттыру бойынша облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған мәселе мектептерге 330 дана Starling құрылғысын орнату арқылы 2024 жылдың бірінші тоқсанында толық шешімін табады. |
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ |
|||
14. |
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Bilim Land» ЖШС-нің Bilimcentеr.kz цифрлық платформасын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушыларды оқыту (PISA математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану) (1 мектепке платформаның құны 40 мың тг). 2018 ж: жаратылыстану – 373, математика – 401, оқу сауаттылығы – 368 2022 ж: Жаратылыстану – 380, математика – 410, оқу сауаттылығынан – 380 2026 ж: Жаратылыстану – 385, математика – 415, оқу сауаттылығынан – 385 |
2023-2025 жылдар
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуының кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 17 наурыздағы №103 бұйрығына сәйкес 2023 жылы 4 - 29 сәуір аралығында кесте бойынша 27 білім беру ұйымдарынан (25-мектеп, 2-колледж) НОБД-ға сәйкес іріктелініп алынған 887 оқушының 881-і (99,3%) қатысып, 6 оқушы (оның ішінде еңбекке жарамсыз парағында – 6,) зерттеуге қатыспады. Тестілеу барлық талаптарға сай, кестеге сәйкес өткізілді. |
15. |
Тоқсандық қорытынды нәтижелеріне сәйкес пәндерді оқыту жағдайы бойынша төмен рейтингісі бар білім беру ұйымдарында әкімшілік бақылаулар өткізу 2023 ж. – 60% 2024 ж. – 62% 2025 ж. - 65% 2026 ж. - 70% 2027 ж. - 80% 2028 ж. - 90% 2029 ж. - 100% |
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027, 2027-2028, 2028-2029 оқу жылдары тоқсан сайын |
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының негізінде, Түркістан облысының білім басқармасына қарасты білім мекемелерінде орта білім беру стандарттарында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында І жартыжылдық бақылау жұмыстары 4- 8, 10 (60%) сыныптарында қоғамдық-гуманитарлық бағытында (қазақ тілі, орыс тілі, өзбек/тәжік тілі) жазба жұмыстары, (ағылшын тілі, Қазақстан тарихы) тест; жаратылыстану-математика бағыты (математика, география, химия, биология, физика) бақылау жұмысы; бастауыш сыныптарда математика (бақылау жұмысы), оқу сауаттылығы және жаратылыстану пәніне (тест) форматында жүргізілді. |
16. |
Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысқан оқушылар үлесін арттыру 2023 жыл – 0,5% 2024 жыл – 0,75% 2025 жыл - 1% 2026 жыл - 1,25% 2027 жыл - 1,5% 2028 жыл - 2% 2029 жыл - 2,25% |
2023- 2029 жылдар |
Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың 2023 жылдағы нәтижелері 1.Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы: 37%-ға өсті. 2.Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы: 12%-ға өсті. 3. Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиадасы: 4%-ға өсті. 4.Республикалық жаратылыстану –математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы: 27%-ға өсті. 5.Республикалық ғылыми жобалар байқауы: 27%-ға өсті. 6.2-7 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы: 42%-ға өсті.
|
17. |
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған математика пәнінен «FARABI» облыстық олимпиадасы 5-10 сынып оқушыларының қатысу үлесін арттыру (2024 жылдан бастап) 2023 жыл – 0%; 2024 жыл – 10%; 2025 жыл - 15%; 2026 жыл - 20%; 2027 жыл - 25%; 2028 жыл - 30%; 2029 жыл - 35%; |
2023- 2029 жылдар |
Жалпы орта білім беретін мектеп 5-10 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «FARABI» олимпиадасының аудандық кезеңін 2024 жылғы көктемгі каникул кезінде өткізу жоспарланған. Облыстық кезеңі 2024 жылғы күзгі каникулда өтеді. Математика пәні мұғалімдері үшін «FARABI» олимпиадасы геометриядан 2024 жылғы сәуір айында аудандық, қазан айында облыстық кезеңін «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» қоғамдық бірлестігімен өткізу жоспарланды. |
18. |
Мектеп бітірушілерінің «Алтын белгі» белгісін растау көрсеткішін арттыру / % 2021-2022 оқу жылында «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны – 1451, иегерлерінің саны 1431, растау пайызы – 98,6% 2023 ж - 99% ; 2024 ж - 100%; 2025 ж - 100%; 2026 ж - 100%; 2027 ж - 100%; 2028 ж - 100%; 2029 ж - 100%; |
2023-2029 жылдар
|
2022-2023 оқу жылы 11 сыныпты 29805 мектеп бітіруші түлектерінің облыстық мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының қорытындысы негізінде 1407 «Алтын белгі» игері атанып, 2429 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. |
19. |
Бітірушілердің жоғары оқу орындарына, оның ішінде Қазақстандық жетекші ЖОО тобына түсу үлесі 2023 ж - 70%, 15% ; 2024 ж - 80%, 25%; 2025 ж - 90%, 35%; 2026 ж - 92%, 35%; 2027 ж - 94%, 35%; 2028 ж - 96%, 35%; 2029 ж - 100%, 35% |
2023-2029 жылдар |
2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты бітірушілер саны – 29805 оқушыны құрап, олардың 22476-ы (76%) ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған. Тестілеу қорытындысымен 21838 бітіруші жоғары оқу орындарына түскен. Олардың 11806-і грантқа, 1012-і «Серпін» бағдарламасы бойынша, 9020-сы ақылы түрде ЖОО-на, 192-сі шетел жоғары оқу орындарына түскен. |
20. |
Педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, «Әдістемелік десант» жоспарлы әдістемелік сүйемелдеу (2022 жыл – 10200 - 17,5%): 2023 ж – 13000-22,5%; 2024 ж – 16500-29%; 2025 ж – 21500-37%; 2026 ж – 21500-37%; 2027 ж – 21500-37%; 2028 ж – 21500-37%; 2029 ж – 21500-37%; |
2023-2029 жылдар |
2023 жылы Төлеби, Түлкібас, Сауран, Созақ, Сайрам, Бәйдібек, Кентау, Келес, Мақтаарал, Отырар, Түркістан, Шардара, Сарыағаш, Арыс, Ордабасы, Қазығұрт, Жетісай аудан/қалада педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, «Әдістемелік десант» жоспарлы әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары өткізілді. Әдістемелік десант мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамыту, оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы оқу тәрбие процесін дамыту мақсатта ұйымдастырылды. Аталмыш іс шараға аудандық/қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, директодың орынбасарлары, ӘБ жетекшілері, білім беру ұйымдарының педагогтері, ДТЖО, педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтері, сынып жетекшілері, кітапханашылары, тәлімгерлері, логопед-дефектологтары, қосымша білім беру педагогтары, мектепке дейінгі және мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері және ТжКБ педагогтері қатысты. Қатысқан жалпы саны: 13150 (22.6 %) |
21. |
Облыстың білім алушылары мен педагогтер үшін көркем әдебиет пен кәсіби кітаптарды оқу, дәріптеу, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған «KitapХАН@» іс-шарасы қатысушылар саны, үлесі %: - 2022 жыл - Оқушылар саны – 6000, 1,2 %, мұғалімдер саны – 9000, 14,3 %; - 2023 жыл – Оқушылар саны – 10000, 2 %, мұғалімдер саны – 14000, 24%; - 2024 жыл – Оқушылар саны – 20000, 3,9 %, мұғалімдер саны – 20000, 35 %; - 2025 жыл - Оқушылар саны – 35000, 6,8 %, мұғалімдер саны – 35000, 60%; - 2026 жыл - Оқушылар саны – 45000, 8 ,2%, мұғалімдер саны – 40 000, 61,5 %; - 2027 жыл - Оқушылар саны – 55000, 10 %, мұғалімдер саны – 45000, 69,2%; - 2028 жыл - оқушылар саны – 65000, 11,8 %, мұғалімдер саны – 55000, 84,6 %; - 2029 жыл - оқушылар саны – 80000, 14,5 %, мұғалімдер саны – 65000, 100%; |
2023-2029 жылдар |
Облыс көлемінде авторлық «KitapХАН@» кітап оқу сайысын 2021 жылдан бастап жалпы пән мұғалімдері мен мектеп кітапханашылар арасында өткізу дәстүрге айналып, іс-тәжірибе республика көлемінде таратылуда. 2021-2022 оқу жылында аталмыш жобаға 168 кітапханашы мен педагогтер, 200-ге жуық 5-10 сыныптар оқушылары қатысты. 2023 жылы жоба арнайы сайтқа тіркелу арқылы жүзеге асырылып, жалпы оқушылардың 3%-ы, мұғалімдердің 30 %-ы қатысты. 2023 жылдың 29 мамыр күні Түркістан қаласы, облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасында Кітапхан@ кітап оқу жобасының ІІ айналымының қорытындысы ұйымдастырылып, жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған 8 педагогке ноутбук, (2 мектеп директоры, 2 мектеп директорының орынбасары, 1 колледж директорының орынбасары, 1 - кітапхана әдіскері, 2 пән мұғалімі) пен 4 оқушыға велосипед сыйға таратылды. Жобаға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті, Болат Өтемұратов қоры, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, «Мазмұндама» қоғамдық қоры, «Steppe and world» баспа үйлері демеушілік жасап келеді. |
ІІІ. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру |
|||
22. |
«Өрлеу» БАҰО АҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жылма жыл педагогтердің біліктілігін арттыру 2023 ж – 18 728 ; 2024 ж – 19 123; 2025 ж – 13122; 2026 ж – 20703; 2027 ж – 20 308; 2028 ж – 19 128; 2029 ж – 14 702; |
2023- 2029 жылдар |
Түркістан облысы бойынша 998 жалпы орта білім беру мекемелері, 1372 мектепке дейінгі ұйымдар және 65361 педагог кадрлар жұмыс жасайды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 7-бабының 12) тармағына педагогтердің үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыру нормасы енгізілді. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3 жылдық моделін енгізу халықаралық тәжірибелерге, TALIS зерттеулеріне негізделген. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес ұйымдастырылуда.
2023 жылы жалпы саны 19 924 (28%) білім беру қызметкерлерін білім жетілдіру курстарына қамту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 11 айының соңында жоспар 100% орындалды. Өрлеу «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтынан біліктілікті арттыру курсынан 12397 педагог, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан 3453 педагог, Сонымен қатар, 600 дене шынықтыру пәні мұғалімдері онлайн форматта, 192 қосымша білім беру педагогтері 280 педагог-психологтар 3002 директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жеткшілері, әлеуметтік педагогтер білімін жетілдірді. |
23. |
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 64-тармағы және Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 18-тармағының 5.1.; 5.2. тармақшаларына сәйкес кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту және ІТ жабдықтары бар Coworking-орталықтарын 2029 жылдың соңына дейін 100%-ға жеткізу. 2023 ж - 15% (983 320 000 мың тг); 2024 ж - 25% (1 101 319 000 мың тг); 2025 ж - 40% (1 233 477 000 мың тг); 2026 ж - 50% (1 381 494 000мың тг); 2027 ж - 70% (1 547 273 000 мың тг); 2028 ж - 85% (1 732 946 000 мың тг); 2029 ж - 100% (1 940 900 000 мың тг); |
2023-2029 жылдар
|
2023 жылы 7% мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. |
24. |
Облыстың ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында 2023-2029 жылдар аралығында облыс педагогтері мен әдістемелік орталық/кабинет қызметкерлерін шетел/алдыңғы қатарлы елдерде оқыту және тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру 2023 жыл – 5 ,4% (3 400 педагог); 2024 жыл – 13,5% (8 500 педагог) ; 2025 жыл – 19% (11900 педагог) ; 2026 жыл – 27 % (17 000 педагог); 2027 жыл – 35 % (22 000 педагог); 2028 жыл – 40,5 % (25 500 педагог); 2029 жыл – 54 % (34 000 педагог). |
2023-2029 жылдар
|
Халықаралық «Global САПА» білім орталығының педагог кадрлардың білімін жетілдіру бойынша: 2 бағыттағы: АҚШ-инклюзивті білім беруге 16 ауданнан 21 маман. 3 бағыттағы: Жапония – әдістемеге 15 ауданнан 21 маман жіберілуде. |
25. |
Облыс педагогтеріне, ата-аналар қауымына инновациялық, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдау, қажетті көмек көрсету мақсатында «Әдістемелік Ашық есік күн» шарасы 2023 жыл – 35% (22 100 педагог) ; 2024 жыл – 40,5% (25 500 педагог); 2025 жыл – 54% (34000 педагог) ; 2026 жыл – 59,4% (37 400 педагог); 2027 жыл – 67,5 % (42 5 00 педагог) ; 2028 жыл – 75,5%(47 600 педагог); 2029 жыл – 81% (51 000 педагог). |
2023-2029 жылдар
|
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру бойынша мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылып, барлық білім беру ұйымдарында жұмыс істеуде. Қазіргі таңда аудандық, қалалық барлық білім беру ұйымдарында бастауыш 1-4 сынып, 5-9 сыныптарда, жоғары 10-11 сыныптар бойынша ата-аналардың педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының дәрістері өткізілуде. 2023 жылғы қазан айында барлық мемлекеттік, жекеменшік мектептерде осы бағытта жұмыс жүргізу үшін бұйрықтар шығарылып, дәріс жүргізетін педагогтар бекітіліп, аталған бағдарламаға сәйкес ата-аналар бала тәрбиесі мен логикасын қалай шыңдауға болатыны жөнінде тиімді кеңестер алды. Жалпы орта білім беретін мектептерде жоспарға сәйкес әр сыныптың ата-аналар комитеттері шақырылып, таныстырылым жасалды. 2023 жылғы қазан-қараша айларында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасы - бақыт мекені», «Білімдіге дүние жарық» тақырыптарында танымдық сабақтары өткізілді. 5-9 сынып ата-аналарына «Баланың басты ұстазы - ата-ана», «Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыптарында тренинг өткізілді, 10-11 сыныптарда «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу..», «Көркем мінез - аға жетпес байлық» деген тақырыптарда ата-аналармен сұхбат-әңгімелер жүргізілді. 2023 жылғы желтоқсан, 2024 жылғы қаңтар айында 1-4 сыныптарда «Әрбір бала – жарық жұлдыз», «Баланы жастан...» тақырыбында сабақ өткізілсе, 5-9 сыныптарда «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер», «Бұлақ көрсең, көзін аш...» тақырыбында мейірімділікке жолашар сабақ өткізілді. Ал жоғары сыныптың ата-аналарына «Сен жанбасаң, лапылдап», «Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы» тақырыптарында дәрістер жүргізілді. |
26. |
Білім саласының өзекті мәселелері бойынша жергілікті телеарнада "Ғылым және білім" тұрақты авторлық бағдарламасын әзірлеу және іске қосу |
2023 – 2029 жылдар |
Авторлық бағдарлама әзірлеу қаржы есептеуліктерден кейін іске қосылады |
27. |
«Ыбырай» республикалық оқу-ағарту журналын жарыққа шығару 2023 жыл – 7000 дана; 2024 жыл– 10 000 дана; 2025 жыл –12 000 дана; 2026 жыл – 15 000 дана; 2027 жыл – 18000 дана; 2028 жыл – 21 000 дана; 2029 жыл - 25 000 дана; |
2023 – 2029 жылдар |
"Ыбырай" журналы 2023 жылы 850 дана баспаға тапсырыс беріліп шығарылды |
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ |
|||
28. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін ПМПК желісінің бірліктерін кеңейту: 2023 ж. – 3 дана; 2024 ж. – 4 дана; 2025 ж. – 4 дана
|
2023-2025 жылдар |
10 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары қызмет етеді. 0-18 жас аралығындағы бала санына сәйкес облыста ПМПК мекемесіне қажеттілік - 11-ді құрайды. Осыған орай, ағымдағы жылы облыс әкімдігінің шешімімен бала саны 50 мыңнан асатын үш ауданда 3 ПМПК мекемесі ашылды (Келес- 65280, Мақтаарал - 55 606 бала, Ордабасы -56 213 бала) ал, бала саны 100 мыңға жуық Түркістан қаласы (0-18 жас 96 767 бала) мен Сайрам ауданында (0-18 жас 99 550 бала) қызмет етіп тұрған ПМПК мекемелерінің штат санын ұлғайту есебінен екі аусымда жұмыс жасауға жағдай жасалды. 2024-2025 жылдар аралығында жалпы саны 8 ПМПК (2024 ж. - 4 ; 2025 ж. -4) ашу жоспарланған. |
29. |
Инклюзияны қолдайтын 22 кабинет ашу: 2023 ж. – 4 кабинет; 2024 ж. – 3 кабинет; 2025 ж. – 3 кабинет; 2026 ж. – 4 кабинет; 2027 ж. – 4 кабинет; 2028 ж. – 4 кабинет; 2029 ж. – 4 кабинет;
|
2023-2029 жылдар |
2023 жылы жоспарланған 4 инклюзивті қолдау кабинеттері Ордабасы, Созақ, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарынан ашылды. Облыста 11 (5 Дара қорымен ресурстық орталық, 1-Болашақ қорымен, 2-Қамқорлық жол картасымен, 3-ЖАО ашылған) инклюзивті қолдау кабинеттері қызмет етеді. |
30. |
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын 7 000 орынға орналастыру: 2024 ж. – 402 орын; 2025 ж. – 690 орын; 2026 ж. – 900 орын; 2027 ж. – 900 орын; 2028 ж. – 1000 орын; 2029 ж. – 1000 орын. |
2024-2029 жылдар |
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын 7 000 орынға орналастырылмады. |
БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ |
|||
31. |
Балалардың әл-ауқаты және балаларға арналған бюджет индексі: 2023 ж. – 56,9 балл; 2024 ж. – 57,5 балл; 2025 ж. – 57,9 балл; 2026 ж. – 58,0 балл; 2027 ж. – 58,3 балл; 2028 ж. – 58,5 балл; 2029 ж. – 59,0 балл;
|
2023-2029 жылдар |
Индекс орындалды, оның ішінде: балаларға арналған бюджет –облыстық бюджеттерден балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған, балаларға арналған бюджет шығыстары; 1) баланың хал-ахуалы – баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы біліммен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздікпен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсерінен қалыптасқан жағдайы; 2) жанама шығыстар – балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталмаған, бірақ халықтың барлық жас санаттарын, оның ішінде балаларды қамтитын нақты шығыстар оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; |
32. |
Білім беру ұйымдарын жарақтандыру (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) террористік тұрғыдан осал объектілерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтар және Білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілер (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы – лицензияланған күзет, бейнекамералар және оларды ЖБО-ға қосу, дабыл түймесі, турникеттер: 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%;
|
2023-2025 жылдар |
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2023 жылы 5,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Мектептерге 10 481 дана бейнекамера орнатылып, 881 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосу жұмыстары жүргізілуде Бала саны 700-ден асатын 207 мектепке турникет орнатылды. 573 мектепке кәсіби күзет мекемесімен 100 пайыз қамтылған. Дабыл түймесімен 936 мектепке 100 пайыз орнатылған. |
33. |
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету: 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%. |
2023-2029 жылдар |
2024 жылы тегін тамақтану құқығына ие осал топ отбасының 60 693 балаға 7 334894,0 мың теңге қаржы қаралды. Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен тамақтану құны балалардың жасерекшеліктеріне сәйкес, құн салығымен есептегенде 11-14 жасқа 761 (2023 жылы-564 теңге) теңге, 15-18 жас 816 (2023 жылы-610 теңге) теңге болып белгіленді. |
34. |
Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету: 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%. |
2023-2029 жылдар |
2024 жылы тегін тамақтану құқығына ие 1-4 сыныптағы 160 227 балаға 12 534 600,0 мың теңге қаржы қаралды. Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен тамақтану құны балалардың жасерекшеліктеріне сәйкес, құн салығымен есептегенде 1 күндік құны 7-10 жасқа 604 (2023 жылы - 502 теңге) теңге белгіленді. |
35. |
Көрсеткіштердің төмендеуі «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің саны» (2022 жыл – 36); «Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері фактілерінің саны» (2022 жыл – 46); «Кәмелетке толмағандар арасындағы қатысты қылмыстар саны» (2022 жыл – 74); «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны» (2022 жыл – 209 ); «ЖКО-да қаза тапқан балалар саны» (2022 жыл – 29); - «ЖКО – да жараланған балалар саны» (2022 жыл – 144); - «Ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар саны» (2022 жыл – 487); - «сәтсіз отбасылардан шыққан балалар саны» (2022ж –337 ); - «Мектепішілік есепте тұрған балалар саны» (2022 ж – 904). - «Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар саны» (2022 жыл- 57: Облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, педагог-психологтарын, әлеуметтік педагогтерінің және сынып жетекшілерінің біліктіктерін арттыру және қолдау көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы үлесін арттыру: 2023 ж. – 60%; 2024 ж. – 65%; 2025 ж. – 70%; 2026 ж. – 75%; 2027 ж. – 80%; 2028 ж. – 90%; 2029 ж. – 99%. |
2023-2029 жылдар |
Суицид ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректерін сәйкес, 2023 жылы 83 (2022 ж-82) өзіне-өзі қол жұмсау деректері тіркелген. Оның ішінде аяқталғаны-45 (2022ж-36), оқталғаны-38 (2022ж-46). Анықтама үшін: Аталған деректердің ішінде облыс тұрғындары емес, басқа облыстан келген кәмелетке толмағандар жалпы-5 (оның ішінде оқталғаны- 4, аяқталғаны -1) Осы мәселені алдын алу мақсатында ағымдағы жылы облыста балаларды қорғау бағытында ведомствоаралық және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүйесі қалыптасты. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100 млн. Теңге қаржы бөлініп үш бірдей жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі: «Бестерек» жобасы өзектендіріліп, облыстағы 1330 педагог-психолог балаларға психологиялық көмек берудің жаңа тәсілдерін үйренуде. Екіншісі: «Сенім Ай» қоғамдық бірлестігімен «Балалар мен жасөспірімдер арасында суицид пен сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу» жобасы аясында 857 әлеуметтік педагог біліктілігін арттырды. Үшіншісі: «САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ» жобасы. Бұл жоба шеңберінде ата-аналардың міндеттерін орындауы бойынша жиналыстар өткізілуде және онлайн режимде тәуекел тобындағы отбасылар мен олардың балаларының ақпараты қалыптастырылатын деректер базасы жасалып, тиісті ведомстволар (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау полиция, прокуратура) өз қызметтерін атқаратын болады. Бала құқықтары жөніндегі Республикалық уәкіл Динара Закиеваның ұсынысымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында құрылған «Түркістан СБО» (семейно-бытовое насилие) деп аталатын жедел әрекет ету чаты құрылып оған барлық аудан қалалардың полиция тірек пункттерінің басшылары, білім бөлімінің басшылары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері және облыстық уәкіл енгізілген. Бұл чат арқылы кез келген отбасылық маселелерден зардап шегуі мүмкін балалардың құқықтарын қорғау жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық бала уәкілімен, «Ата-аналар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен жұмыстар жүргізілуде. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға кешенді жоспары бойынша өңірлік ЖОЛ КАРТАСЫ әзірленді. Облыста 2133 педагог-психолог жұмыс жасайды (мектептерде-1317, балабақшаларда-749 (мемлекеттік -246, жекеменшік -503), балалар үйінде-7, арнайы мектеп-интернаттарда-7, колледждерде-53). Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының біліктілікті арттыру курсына 749 педагог-психолог, 25 әлеуметтік педагог қатысып сертификатталды, 69 педагог-психолог Шымкент қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығынан және 13-і «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығынан біліктілігін арттырды. |
36. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу: - Оқу жылы басталар алдында білім алушылар мен педагогтерге өрт қауіпсіздігі аясында онлайн тестілеу өткізу; - тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайына әсер ететін жүйелік мәселелер мен факторларды анықтау; - ақпараттық жүйені әзірлеу және қолданыстағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау мүмкіндіктері, ақпаратты жалпы деректер қорына біріктіру; - іс-шара: кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзуының алдын алу бойынша ата-аналардың жауапкершілігін күшейту мақсатында бірлесе алдын алу шараларын әзірлеу. |
2023-2029 жылдар |
Бала құқықтары жөніндегі Республикалық уәкіл Динара Закиеваның ұсынысымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында құрылған «Түркістан СБО» (семейно-бытовое насилие) деп аталатын жедел әрекет ету чаты құрылып оған барлық аудан қалалардың полиция тірек пункттерінің басшылары, білім бөлімінің басшылары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері және облыстық уәкіл енгізілген. Бұл чат арқылы кез келген отбасылық маселелерден зардап шегуі мүмкін балалардың құқықтарын қорғау жұмысы жүргізілуде. |
37. |
Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды, ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%.
|
2023-2025 жылдар |
«Ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар саны» (2022 жыл 487бала, 2023 жыл -556 бала); «сәтсіз отбасылардан шыққан балалар саны» (2023 ж –356 отбасы ); «Мектепішілік есепте тұрған балалар саны» (2022 ж – 904 бала, 2023 ж – 421 бала). |
38. |
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің үлесін төмендету 2023 ж. – 11,7%; 2024 ж. – 11,6%; 2025 ж. – 11,6%; 2026 ж. – 11,7%; 2027 ж. –11,7%; 2028 ж. –11,7%; 2029 ж. – 12%. |
2023-2029 жылдар |
Облыста 1416 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген, олардың 1198-і қорғаншылық және қамқоршылыққа, 68-і патронаттық тәрбиеге отбасыларға орналастырылған, 150 бала жетім балаларға арналған білім, әлеуметтік қорғау ұйымдарында (70-Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы», 45 - «Төлеби» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 28 -«Облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, 7-і "Тасарық" әлеуметтік оңалту орталығы) тәрбиеленуде. Аталған санаттағы балаларды отбасыларға орналастыру арқылы балалар ауылдарындағы бала саны жылдан жылға азайуда 2020 ж. - 185, 2021 ж. – 166, 2022 ж. – 158, 2023 ж. -150. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан 2022 жылы қамқоршылық пен қорғаншылыққа- 8, патронаттық тәрбиеге-1, қандас отбасына- 68 бала берілген және 61 бала асырап алынған. |
39. |
Балалар үйінің түлектері жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету: 2023 ж. – 20%; 2024 ж. – 20%; 2025 ж. – 20%; 2026 ж. –20%; 2027 ж. –20%; 2028 ж. –20%; 2029 ж. – 20%. |
2023-2029 жылдар |
2023 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 169 бала тұрғын үймен қамтылған. Қолданыстағы тұрғын үй қатынастары туралы заң нормаларында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлердің немесе жеке үйлердің жалпы санының кемінде 20% -ы ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілуі қарастырылған. |
40. |
Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияны атқаратын қызметкерлердің штат санын ұлғайту (бірлік) 2023 ж. – 4 ; 2024 ж. – 4 ; 2025 ж. – 4 2026 ж. – 2; 2027 ж. – 0; 2028 ж. –0; 2029 ж. –0. |
2023-2029 жылдар |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б.Дүйсенованың тапсырмасына сәйкес, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі саясатты қайта қарау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды заңнамалық тұрғыдан күшейту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету бойынша» Жол картасының (бұдан әрі – Жол картасы) 24-тармағында «Есеп айырысу және белгіленген лимит нормативтер тиістілік нәтижелері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының штат санын ұлғайту», - мәселесі көзделген. Облыста бала санының көптігі мен жұмыстың ауқымдылығы салдарынан аудан, қалалардағы қорғаншылық, қамқоршылық функциясын атқаратын мемлекеттік қызметкерлердің жетіспеушілігінен, жол картасын орындау, жұмысты тиісті деңгейде жүргізу үшін аудан, қалаларда білім бөлімдеріндегі қамқоршылық, қорғаншылық функциясын атқаратын мемлекеттік қызметкерлердің (10 бірлік) штат санын ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
41. |
Ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейін және ата-аналар жиналыстарына қатысу белсенділігін айқындау 2023 ж. – қатысу деңгейі мен белсенділгін есептеу әдістемесін әзірлеу және енгізу, пилотты режимді іске қосу; 2024 ж. – 5%; 2025 ж. – 10%; |
2023-2025 жылдар |
Ауыл округтеріндегі қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі талқыланды. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту мақсатында өткізілген ата-аналар жиналыстарында «Ардагерлер кеңесі» мен «Әкелер мектебі» кеңесі, «Тәлімгерлер кеңесінің» мүшелері тұрақты түрде қатыстырылады. Ата-аналармен бірлесіп «Отан отбасынан басталады», «Мейірімді жүрек», «Қамқорлық» акциялары , дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, іс-шара барысында жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасы тәрбиесі туралы ой қозғалып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту барысында іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәрбие жұмысын қашықтықтан ұйымдастыруда «Мұғалім мен ата-ананың байланысын жетілдіру әдістемесі» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетуде онлайн режимінде семинарлар ұйымдастырылды. Тақырыпқа сәйкес, қазіргі төтенше жағдайға байланысты мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында қашықтықтан оқыту кезінде, бала мен ата-ана арасында үйде дұрыс қарым- қатынас орнату үшін әр баламен мінез-құлқына, жас ерекшелігіне қарай сөйлесу, түрлі тәрбиелік іс-шараларды отбасымен жүргізу туралы кеңестер беріліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
42. |
Балаларға қауіп төндіретін орындарға мониторинг жүргізу (жарықтандырылмаған аллеялар, су айдындары, ашық люктер, құдықтар, құрылыс объектілері, өнеркәсіптік аймақтар, темір жолдары, электр станциялары, қаңғыбас иттер жиналатын орындар және т. б.) |
2023-2025 жылдар |
Балаларға қауіп төндіретін орындарға 2023 жылдың қазан, қараша айларында мониторинг жүргізілді. жарықтандырылмаған аллеяларға 347 жарық лампалары орнатылды, 47 ашық люктер анықталып, қажетті қақпалар орнатылды. Қаңғыбас иттер жиналатын орындарға рейд жүргізіліп, 57 қаңғыбас иттер ауланды. |
43. |
Шаралар қабылдау: - жылдамдық режиміне табиғи шектеулер қалыптастыру туралы (көп жүретін жерлерде бағдаршамдар, ескерту белгілері, қоршаулар, жарықтандыру); - қоғамдық шомылу орындарын, арықтар мен көшелерді (кәріз) жабдықтау үшін |
2023-2025 жылдар |
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан 132 мектеп,68 балабақшаның алдына орнатуды қажет ететін жол белгілеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 482 дана (3 682 962 тг) жол белгісі орнату қажеттілігі анықталды. Аталған жол белгілерін ағымдағы жылы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. |
Қосымша білім беру |
|||
44. |
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 0; 2024 ж. – 7000 орын; 2025 ж. – 13 000 орын;
|
2023-2025 жылдар |
2024-2025 оқу жылында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «ғылыми-техникалық», «көркем-эстетикалық», «декоративті-қолданбалы», «туристік-экологиялық» бағыттарында жалпы соммасы 707 млн. 018,8 мың теңге қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша облыстық бюджет есебінен қаржы қарастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
45. |
Балалардың сауықтыру лагерлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, Музыка және көркемсурет мектептері және т. б.): 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу. Олар: 2024 жылы –600 орындық «Оқушылара сарайы»; 2024 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»;
|
2024-2025 жылдар |
1)Төлеби аудандық саз мектебі 250 оқушы орындық жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Музыканың 12 саласы бойынша Төлеби ауданының 25 мектептерінен келіп, 386 бала қосымша білім берумен қамтылып отыр. 2)Төлеби аудандық оқушылар үйі салынып бітті. 80 орындық жаңа ғимаратты қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 3) «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Ордабасы ауданының Темірлан ауылында «Аудандық балалар музыка мектебінің» 300 оқушы орындық жаңа ғимарат құрылысын салу үшін 903 млн.067 мың теңге қаржының бюджеттік инвестициялық жобаға арналған |
Техникалық және кәсіптік білім беу |
|||
44 |
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету: 2023 ж. – 15 300 орын; 2024 ж. – 15 500 орын; 2025 ж. – 16 000 орын;
|
2023-2025 жылдар |
2023 жылы 15 344 орын орындалды. 2024 жылға 15 500 жоспарда, нәтижесі тамыз айының соңында шығады |
45 |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерде кадрларды мақсатты түрде даярлау: 2023 ж.– 350 орын; 2024 ж.– 400 орын; 2025 ж.– 400 орын; 2026 ж – 500 орын; 2027 ж – 500 орын; 2028 ж – 600 орын; 2029 ж – 700 орын; |
2023-2029 жылдар |
2023 жылы 350 орындалды, 2024 жылға 400 орын жоспарда нәтижесі тамыз айының соңында шығады |
46 |
Педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыстың орындардың саны: 2023 ж. – 1200 орын; 2024 ж. – 1300 орын; 2025 ж. – 1400 орын; 2026 ж – 1500 орын; 2027 ж – 1600 орын; 2028 ж – 1700 орын; 2029 ж – 1800 орын; |
2023-2029 жылдар |
2023 жыл- 1200 орындалды |
47 |
ТжКБ ұйымдарында пилоттық жоба режимінде іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10,11-сыныптары білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу 2023 ж. – 30 орын; 2024 ж. – 30 орын; 2025 ж. – 75 орын; 2026 ж – 100 орын; 2027 ж – 150 орын; 2028 ж – 160 орын; 2029 ж – 170 орын; |
2023-2029 жылдар |
2023 жылы -30 орындалды |
48 |
ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі: 2023 ж. – 62%; 2024 ж. – 87%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%;
|
2023-2025 жылдар |
2023 жылға 62 пайыз орындалды |
49 |
Мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан өндірістен тартылған мамандардың үлесі: 2023 ж. – 8,5 %, 2024 ж. – 10 %, 2025 ж. – 11,4 %, 2026 ж. – 12 %, 2027 ж. – 13%, 2028 ж. – 14%, 2029 ж. – 15%. |
2023-2029 жылдар |
2023 жылға 8,5% орындалды |
50 |
WorldSkills бағалау жүйесін ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне 100% дейін енгізу: 2023 ж. – 60 %; 2024 ж. – 80 %; 2025 ж. – 100 %. 2026 ж. – 100 %. 2027 ж. – 100 %. 2028 ж. – 100 %. 2029 ж. – 100 %. |
2023-2025 жылдар |
2023 жылға 60 % орындалды
|
51 |
Жергілікті атқарушы органдарда көзделген қаражат шеңберінде колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу: 2025 ж. – 10, 2026 ж. – 25, 2027 ж. – 35, 2028 ж. – 50, 2029 ж. – 70. |
2025-2029 жылдар |
2025 ж. – 10 жоспарланды
|
52 |
7 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу: 2023 ж. – 3 объект (№18 колледж, №19 колледж, Қапланбек аграрлық-техникалық колледжі;) 2024 ж.- 2 объект (Мақтаарал аграрлық колледжі, №14 колледжі) 2025ж.- 2 объект (Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі, №13 колледж) |
2023-2025 жылдар |
2023 ж. – 3 объект (№18 колледж, №19 колледж, Қапланбек аграрлық-техникалық колледжде жөндеу жүргізілді
|
53 |
ТжКБ ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту, жергілікті бюджет, бизнес құрылым есебінен: 2023 ж. – 6 колледж (№18 колледж, №19 колледж, №16 колледж,№ 13 колледж, №15 колледж, №14 колледж); 2024 ж. – 3 колледж (№17 колледж, «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі», «Мақтаарал аграрлық колледжі»); 2025 ж. – 2 колледж (№1 колледж, №8 колледж). |
2023-2025 жылдар |
2023 ж. – 4 колледж (№18 колледж, №19 колледж, №16 колледж, №14 колледждерге МТБ жаңартуға қаржы бөлінген
|
54 |
ТжКБ білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 800 педагог; 2024 ж. – 300 педагог; 2025 ж. – 350 педагог; 2026 ж – 800 педагог; 2027 ж – 300 педагог; 2028 ж – 350 педагог; 2029 ж – 800 педагог; |
2023-2029 жылдар |
2023 ж. – 800 педагог өтті
|
55 |
Кадр резервіне кірген басшыларды менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту: 2023 ж. – 69 басшы; 2024 ж. – 38 басшы; 2025 ж. – 37 басшы; 2026 ж – 42 басшы; 2027 ж – 39 басшы; 2028 ж – 45 басшы; 2029 ж – 40 басшы; |
2023-2027 жылдар |
2023 ж. – 69 басшы өтті
|
56 |
Білім беру ұйымдарының кадрлік резервің құру 2023 ж. – 30 басшы; 2024 ж. – 37 басшы; 2025 ж. – 42 басшы; 2026 ж – 26 басшы; 2027 ж – 39 басшы; 2028 ж – 40 басшы; 2029 ж – 35 басшы; |
2023-2027 жылдар |
Білім беру ұйымдарының кадрлік резерв жасақталып, 26 резервист анықталды, қазіргі таңда 13 резервистер тағайындалды. |
57 |
Дуальды оқытумен қамтылған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі: 2023 ж. – 25% (6925); 2024 ж. – 28% (9287); 2025 ж. – 35% (13195); 2026 ж. – 38% (16150); 2027 ж. – 39% (17550); 2028 ж. – 39,5% (18565); 2029 ж. – 40% (19200). |
2023-2029 жылдар |
2023 ж. – 25,6% (8 678) құрайды
|
58 |
Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін құзыреттер орталықтарын құру (бірлік): 2024 ж. – 1 (Кентау көпсалалы колледжі); 2025 ж. – 2 (Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі, Қапланбек жоғары аграрлық колледжі).
|
2024-2025 жылдар |
2024 ж. – 1 Кентау көпсалалы колледжінде ашуда жұмыстар жүргізілуде
|
59 |
Оқу шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындар құру арқылы колледждерде коммерцияландыруды дамыту 2023 ж. – 1; 2024 ж. – 3; 2025 ж. – 5; 2026 ж. – 7; 2027 ж. – 7; 2028 ж – 10; 2029 ж – 10; |
2023-2027 жылдар |
2023 ж. – 1 колледж жоспарланған, орындалмады. 2024 жылға 4 колледжде жүргізіледі.
|
60 |
Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін ТжКБ ұйымдарының жанынан бизнес-инкубаторлар құру 2023 ж. – 1; 2024 ж. – 2; 2025 ж. – 3; 2026 ж – 3; 2027 ж – 4; 2028 ж – 4; 2029 ж – 4; |
2023-2027 жылдар |
2023 ж. – 1 колледжде, Сайрам ауданындағы Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжде құрылды.
|
61 |
Өз кәсібін ашқан студенттердің саны 2023 ж. – 10; 2024 ж. – 20; 2025 ж. – 30; 2026 ж. – 40; 2027 ж. – 50; 2028 ж. – 100; 2029 ж. – 150. |
2023-2029 жылдар |
2023 ж. – 11 студент, олар,Сайрам ауданындағы Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек жоғары аграрлық колледжімен Түркістан жоғары, көпсалалы аграрлық колледж бітірушілері |
62 |
ТжКБ ұйымдарын бітіріп, бір жылдын ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 2023 ж. – 3907 (72%); 2024 ж. – 4459 (74%); 2025 ж. – 5156 (76%); 2026 ж. – 5578 (77%); 2027 ж. – 5785 (78,7%); 2028 ж. – 5950 (80%); 2029 ж. – 6585 (83%). |
2023-2029 жылдар |
2023 ж. – 3907 (72%) орындалды
|
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ |
|||
63 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізу, қорытындысы бойынша ұсынымдар ендіріліп, іс-шара жоспарын әзірлеу; |
2023-2025 жылдар |
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, басқарма Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауды басқарманың 8 бөлімі 2 бағытта жүргізді: - құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; - ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша Аталған ішкі талдау қорытындысымен 18 ұсынымдар берілді және ұсынымдарды орындау бойынша Басқарманың іс-шара жоспары құрылып, жалпы 18 ұсыным бойынша іс-шаралар түзіліп, қазіргі таңда жоспарда межеленген мерзімдеріне сәйкес орындалды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2023 жылғы 27 сәуірдегі №66 бірлескен бұйрығы негізінде білім басқармасына білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді. Басқарманың іс-шара жоспары құрылып, жалпы 17 ұсыным бойынша іс-шаралар түзіліп, қазіргі таңда жоспарда көрсетілген мерзімде орындалды. |
64 |
Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің ата-аналар ұжымы алдында, оның ішінде білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есепті кездесулерін өткізу |
2023-2025 жылдар |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен барлық аудан, қала білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есепті кездесулері тұрақты түрде жүргізілуде |
65 |
«Саналы-Ұрпақ» жобасы аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізу |
2023 жыл |
Жалпы білім беру ұйымдарында фиктивті баға қоюға және олардың білім туралы құжаттарды сатып алуына мүмкіндік бермеу үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру ұйымдарында ашықтық пен жариялылық қағидаларын орнату, академиялық шынайылықты қалыптастыру, сонымен бірге жасалған жұмыстарды ақпараттық қолдау мақсатында колледждерде педагог кадрлар, ата-аналар комитеттерінің мүшелері, белсенді студенттерден «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері құрылды. |
66 |
«E-Kitaphana» ақпараттық-аналитикалық жүйесін ендіру (кітапханалардың контентін цифрландыру, цифрлық дизайн енгізу және кітап қорына тапсырыс беруді жүйелеу) |
2023 жыл |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі 2021 жылғы 25 сәуірде бекіткен «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының 5.3., 5.5. тармақшаларын жүзеге асыру мақсатында облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарымен арнайы білім беру ұйымдарына «E-kitaphana» ақпараттық жүйесі ендірілді. Бұл жүйе кітапханалардың контентін цифрландыруға, цифрлық дизайн енгізуге және кітап қорына тапсырыс беруді жүйелеуге мүмкіндік береді. Мектеп кітапханаларына көркем әдебиеттерді таңдау бойынша ғалымдар мен әдіскерлерді тарта отырып, Эксперттік топ құрылып, жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
|