Құрметті педагогика саласының мамандары!
Білім саласында сіңірген еңбек пен жетістіктер үшін Оқу-ағарту министрлігі тарапынан марапатталуы әр-бір педагог үшін мотивация екені белгілі.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығы негізге алынып, қағида талаптары сақталуы керектігі тиісті мамандарға хабарланған.
Салалық көтермелеу бойынша қағиданың 5-қосымшасында көрсетілген «Марапаттау парағы» үлгісі толтырылуы керек. Сонымен қатар, қағиданың 6-қосымшасында көрсетілген көрсеткіштердің өлшемшарттары бойынша тиісті балл есептелетіні белгілі.
Өңірлердегі білікті мамандардың әділ марапатталуы мақсатында тиісті мекемелер әлеуметтік желідегі өз парақшалары арқылы елдің пікірімен санасуды көздеген министрліктің шешімі елдің көңілінен шығып отыр. Жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған салалық көтермелеу өз деңгейінде іске асырылып келеді.
Алайда, әлеуметтік желі арқылы көпшілік пікірімен қатар қағида талаптары сақталып, тиісті жұмыстар да жүйелі атқарылуы міндеті күн тәртібінен түспек емес.
Аталған мәселе бойынша марапатқа үміткерлердің «Марапаттау парағы» талапқа сай толтырылмай, ұсынылған фактілері кездесуде. Бұл өз кезегінде жұмыстың тежелуіне, уақытында атқарылуына кедергі келтіруде.Кемшіліктермен жұмыс жүргізіліп, қағида талаптары сақталуы бойынша мұқият қарау қажет екенін хабарлаймыз.