ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғындары!

Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес, «№1 жалпы орта мектеп» КММ-не қатысты қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңес құрамына мүше болуға ұсыныстарыңызды (жазбаша түрде өтініш) аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне тапсыруларыңызға болады. Ұсыныстарды қабылдау 2021 жылдың 22 қарашасы мен 06 желтоқсан аралағы екендігін ескертеді.

(Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №18 үй, тел: 8-775-000-33-81)