Конкурс

Конкурс

Конкурсты (Бұдан әрі-Конкурс) ұйымдастырушылар:
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы.
 
Конкурстың мақсаты:
Облыстық бюджет есебінен 2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы  1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Білім туралы» Заңының 6-бабының  2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Конкурс туралы ақпарат:
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында әр балаға жан басына қаржыландыру енгізілетін болады. Конкурсқа  меншік нысанына қарамастан ұйымдар (ЖК, ЖШС, ҮЕҰ) іріктеледі, олар балаларды мектептен тыс сабақтармен қамтамасыз етеді.
Балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту үшін 4 бағыт бойынша жаңа үйірмелер: ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, декоративтік-қолданбалы, туристік-экологиялық бағыт ашылды. Шығармашылық үйірмелердегі бір балаға жұмсалатын орташа шығын айына 9934 теңге (барлығы 4000 бала), жалпы алғанда 1 жылға 357,624, 0 мың теңгені құрайды.
         

Қажетті құжаттар:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырмасын орналастыру қағидаларының» 7-тарауының 77-тармағы, осы Қағиданың 19-қосымшасына сәйкес, қосымша білім беру мекемесінің өтінішін және көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады.

2. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Ұйымдарды іріктеу критерийлеріне сәйкес, келесі құжаттар тапсырылуы керек.
1) № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар қосымша білім беру ұйымының ғимаратын/орнын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесінің болуы;
2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәліктің көшірмесі, ұйымның жарғысының (ереже, құрылтай шарты) болуы;
3) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтердің болуы;
4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе Ұйым пайдаланатын жалдау шартының көшірмесінің болуы;
5) Ұйымдар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру білім беру бағдарламаларының көшірмелерінің болуы.
Білім беру бағдарламасының мазмұны мақсаттар мен міндеттерді, оқыту мерзімдерін, мазмұнын, білім көлемін, игеру дағдылары, біліктері мен құзыреттіліктерін, күтілетін нәтижелерді, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу құралдарын қамтиды.
6) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі, біліктілік деңгейі туралы құжаттарының көшірмелерінің болуы;
7) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.
8 ) жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшылардың, зерттеушілердің, шеберлердің үлесі олардың жалпы санынан кем дегенде 10 пайызды құрайды.

3.Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған тізбеге енгізуден бас тартады.
Құжаттарды қабылдауға қосымша мәлімет.
Конкурсқа Ұйымдардың тізбесіне кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, ұйым басшысы қол қояды немесе мөрмен (бар болған жағдайда) немесе басшының қол қоюымен растайды.
         

Құжаттарды қабылдау мекенжайы мен мерзімі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер  Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, Басқармалар ғимаратында орналасқан адами әлеуетті дамыту басқармасында қабылданады. 161200, Байланыс телефондары:  +7(725)33 5-94-38 сымтетігі, (Биболова Алия Танатовна) 8-701-605-67-97 ұялы телефон.
          Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 5 қарашадан 20 қараша күнгі сағат 11.00-ге дейін.