Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының  Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі  КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сауран  ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі «№13 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бос тұрған директор лауазымдық қызметіне және «Жалаңтөс» шағын жинақталған бастауыш мектебі; «Көркем» бөбекжай-балабақшасы»; «Құлыншақ-1» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныларының бос тұрған меңгерушісі лауазымдық қызметтеріне конкурс жариялайды.

 

Конкурс - "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қағиданың (бұдан әрі - Қағида) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады

Конкурс өткізу мерзімі: Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейін «№13 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына және «Жалаңтөс» шағын жинақталған бастауыш мектебі, «Көркем» бөбекжай-балабақшасы» «Құлыншақ-1» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің меңгерушісі лауазымдарына 7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Мекеменің мекен-жайы:

«№13 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі- Шаға ауылы, Қазақстан 30 жылдығы ауылы, Шымкент көшесі, №3В мекен-жайда орналасқан. /Байланыс телефоны- жоқ, эл почтасы – /Sauran13mektep@mail.ru/;

«Жалаңтөс» шағын жинақталған бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі -Үш қайық  а/о, Жалаңтөс ауылы, Е.Асылбеков көшесі, №11 мекен-жайда орналасқан. /Байланыс телефоны 7-07-83, эл почтасы – /tur_jalantos@mail.ru/;

 «Көркем» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Жібек жолы а/о, Сауран аулы, О.Алтаев көшесі, №17 мекен-жайда орналасқан. /Байланыс телефоны 6-81-16, эл почтасы – /shalabayeva.karlygash@mail.ru/;

«Құлыншақ-1» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Қарашық а/о, Құмтүйін ауылы, Түркістан көшесі, №19 мекен-жайда орналасқан. /Байланыс телефоны 7-01-02, эл почтасы – /Kulynshak_ds@mail.ru/;

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі; үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде - 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде - қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Бастауыш, негізгі орта, орта, шағын жинақты мектептерді қоспағанда білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Шағын жинақты мектептер үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог - сарапшының немесе педагог - зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Мектепке дейінгі ұйымның басшысының лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу. Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Білуге міндетті (МДҰ): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) ұйымының басшысының (директорының) лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады. Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Білуге міндетті (мектеп): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

 

Конкурс бірнеше дәйекті кезеңдерді қамтиды:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;

6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);

7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

 

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

 

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

  1. қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
  6. алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  8. "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  10. сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  12. біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  13. білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  14. Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

 

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізбесіндегі 3, 4, 5, 6, 7 реттік нөмірімен көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зеттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

 

Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты «№13 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлық лауазымына 221228 теңгеден 268308 теңге аралығында, «Жалаңтөс» шағын жинақталған бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушілік лауызымына 3539 теңге, «Көркем» бөбекжай-балабақшасы» және «Құланшақ-1» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің меңгерушілік лауазымдарына 167152 теңгеден 210696 теңгеге дейін.

 

Конкурс өткізілетін орын: Сауран ауданы, Шорнақ ауыл округі, Ы.Алтынсарин көшесі №18. Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі.

 Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Сауран ауданы, Алтынсарин көшесі №18 үй. Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі. Анықтама сымтетігі: 8-775-000-33-81, электронды поштасы: sauran.aadb@mail.ru.

 

Ескерту: Тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

Сауран ауданының адами

әлеуетті дамыту бөлімі