МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ МЖӘ жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлайды:

«Түркістан облысы Түркістан қаласында 1500 орындық жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;

"Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласында 1500 орындық жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;

"Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;

"Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану».

Жобаны іске асыру саласы: жоба орта білім беру саласында іске асырылады.

МЖӘ жобасының мақсаты: Түркістан облысында жаңа мектептер салуға өңірдің қажеттілігін шешу және оқушылардың мектеп орындарындағы тапшылық деңгейін төмендету арқылы халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

  • орта білім беру объектілерінің желісін дамыту;
  • Түркістан облысында 1500 және 1200 орындық жалпы білім беретін мектептер салу және пайдалану;
  • Түркістан облысында оқушылардың оқу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;
  • Түркістан облысында үш ауысымды жұмыс режимі бар мектептер санының азаюы;
  • жалпы білім беретін мектептер арасында оқушы орындарының тапшылығын төмендету;
  • халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету;
  • білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сапалы қамтамасыз ету.

МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты:

Мектептер саны: Түркістан және Жетісай қалаларында1500 орындық мектептер, Төлеби және Бәйдібек аудандарында 1200 орындық мектептер.

Жобаны іске асыру орны:

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, квартал. 160, 248 – уч. - учаскі ауданы 2,884 га.;

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы 012 квартал. 008 уч. – учаскі ауданы 3,6 га.;

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, Қапал батыр көшесі-учаскі ауданы 2,66 га;

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, ш / а Күлтөбе-жер аумағы 3,0 га.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 72 ай, оның ішінде:

Құрылыс кезеңі: 12 ай;

Пайдалану мерзімі: 60 ай.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2021 жылғы «09» тамызға дейін техникалық тапсырмаға сәйкес Техникалық ұсыныс беру қажет, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде "МЖӘ туралы"ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: МЖӘ бөлімінің бас маманы Берік Нұрғазы Құрманғазыұлы, телефон – 8-7253-35-93-05, 8-700-205-93-05. Почта: turkistan.obl.aadb@gmail.com

Құжаттар көшірмелерінің пакетін ҚР, Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 32 к., Басқармалар үйі, 2 қабат, 241 кабинет, мекен-жайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 15.00-19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) алуға болады.

Құжаттар көшірмелерінің пакеті сұрау салу бойынша осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап ұсынылады.