ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты  (Бұдан әрі-Конкурс) ұйымдастырушылар:

Түркістан облысының әкімдігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы.

Конкурстың мақсаты:

Облыстық бюджет есебінен 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі
2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 14 тармағының орындалуын және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 5 (бес) «исламтану» мамандығы бойынша Түркістан облысының балалары үшін арналған мемлекеттік білім беруге тапсырыс.

Конкурс  туралы ақпарат:

Конкурс  білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық желілердің толық мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік және ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қатыса алады (әскери, арнайы оқу орындарын қоспағанда).

Түркістан облысына білім гранты бөлінді. Оның  5- исламтану мамандығы бойынша. Бұл гранттар аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып білім беру бағдарламалары топтары арасынан бөлінетін болады.

 Қажетті құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орнластыру қағидаларының» 6-тарауының 17-қосымшасына сәйкес жоғары оқу орнының өтінімі;
  2. осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнының сауалнамасы;
  3. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қамтитын конкурстық өтінім;

Қосымша құжаттар:

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсыну қажет.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы мен мерзімі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер жабық конвертте Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, Басқармалар ғимаратында орналасқан адами әлеуетт дамыту басқармасында қабылданады. 161200, Байланыс  телефондары: +7(725) 33 5-94-10, 8-700-205-94-35

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жыл 7 тамыздан 15 тамыз күні сғат 11.00-ге дейін.