ВОЛЕЙБОЛДАН «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП  ЛИГАСЫ» ӨТТІ

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы, Созақ ауданының адами әлуетті дамыту бөлімі, білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар) волейболдан «Шұбар доп» «Ұлттық мектеп лигасы» өтті.

Мақсат - балалар мен жасөспірімдердің спортын кеңінен насихаттау, дамыту. Мектеп жасындағы оқушыларды спортқа тарту, салауатты өмір салтын ұстана отырып, оларды жат әрекеттерден арылту, сақтау. Спорт арқылы жастарды рухани жігерлілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, өңірлік мектептердегі спорт түрлерін дамытудың деңгейін арттыру болып табылады.

Жарыста 6 аймақ атап айтқанда «Шолаққорған», «Жартытөбе», Таукент, Созақ, Қарағұр, Степное аймақтарынан іріктеліп шыққан ұл мен қыздар жалпы 12 команда қатысып, бақ сынасты.

Қорытынды нәтижесінде
Ұлдар арасында І орынды І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің «Мыңжылқы» командасы;
ІІ орынды Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің «Ұлан» командасы;
ІІІ орынды Созақ мектеп гимназиясының «Жігер» командасы жеңіп алды.

Ал қыздар арасында І орынды Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің «Ұлағат» командасы;
ІІ орынды «Қарағұр» жалпы орта мектебінің «Қыран» командасы;
ІІІ орынды Созақ мектеп гимназиясының «Жігер» командасы иеленді.
Бүгінгі жарыста жеңімпаз атанған командалар наурыз айында Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.