ДЕБАТ "ЖАСТАРДЫҢ КІТАП ОҚУҒА ЫНТАСЫ НЕГЕ ТӨМЕН"

ДЕБАТ  "ЖАСТАРДЫҢ КІТАП ОҚУҒА ЫНТАСЫ НЕГЕ ТӨМЕН"
Кітап неге оқылмайды? - деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу. Баланы жасынан кітап құмарлыққа баулу және осы мақсатқа жету жолдарын зерттеу, жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданы адами әлеуметті дамыту бөліміне қарасты №47 Амангелді жалпы орта мектебінде "Ұшқыр ой" дебат клубының мүшелерімен"Жастардың кітап оқуға ынтасы неге төмен" тақырыбында 9, 10 сынып оқушыларымен дебаттық пікір сайыс болып өтті.
Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса,енді біреулерді жүйесіз,ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек. Басқаша айтқанда,оқушы кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес,өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланған жөн.
Сайыста оқушылар өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытты.