ДЕБАТ "МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ -БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ"

ДЕБАТ  "МАМАНДЫҚ  ТАҢДАУ -БОЛАШАҚТЫ  ОЙЛАУ"
Түркістан облысы, Сайрам ауданы №67 Көмешбұлақ жалпы орта мектебінде "Рухани жаңғыру" мақаласының "Бәсекелік қабілет" жобасы бойынша "Ұшқыр ой" клубы "Мамандық таңдау-болашақты ойлау" тақырыбында дебат өткізілді.
Оқушылардың бойында мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандық таңдау түрлері мен олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз ұшқыр пікірлерін еркін айтып, жүйелі ойлауға баулу мақсатындағы өткізілген дебат оқушыларымыздың ойына толғам, қиялына қанат бітірді.