Шығармашылық мамандықтар бойынша конкурс нәтижесі шықты
Шығармашылық мамандықтар бойынша Түркістан облысындағы колледждерде 2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) шеңберінде оқуға өтінім білдірген талапкерлердің арасындағы конкурс нәтижесі белгілі болды.
Конкурс нәтижесімен «Киім дизайны», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Зергерлік іс», «Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)» мамандықтары бойынша 147 талапкер оқуға қабылданды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!