Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№14 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бос тұрған директоры қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№14 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бос тұрған директоры қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  №57 бұйрығын басшылыққа ала отырып  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№14 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бос тұрған директоры қызметіне

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Мекеменің мекен-жайы және қызметі:Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент ауылы.

         Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының  жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.   Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.   Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.   Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады.  Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.  Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.  Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.  Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді. Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.   Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды. Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

     Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін  педагогика және психология негіздер қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;  еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

 

  Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл; оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 жыл; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық жалақы мөлшері:лауазымдар үшін еңбек өтіліне байланысты 169969 дан 199865  теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу күнін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Қонкурсты өткізу орыны Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Әкімшілік Іскерлік орталығы,Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы.

Конкурсқа қатысу үшін комиссия белгілеген мерзім ішінде жетекшілік лауазымға кандидат әкелуі қажет құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

       7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

       9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

       3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

       Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

 

 

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

  • онсегіз жасқа толмаған;
  • коррупциялық құқықбұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы орнатқан тәртіп бойынша сотталғандығы әлі өшірілмеген немесе алынбаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайлар.

Құжаттар хабарландыру жарияланған соң 7 жұмыс күні мерзімінде қабылданады.

Анықтамалар үшін телефон: 87022861008

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлғалардың құжаттарын қабылдау, соңғы хабарландыруды орыс және мемлекеттік тілдерде жариялаған күннен басталады.

Хабарландыру жарияланғаннан бастап 7 жұмыс күні өткен соң  құжаттарды қабылдау аяқталады.