ХАБАРЛАНДЫРУ! Түркістан облысының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының бос директор лауазымдарына конкурс жариялайды!
|
№ |
Аудан атауы |
Мекеме атауы |
Орналасқан жері |
Лауазым атауы |
Лауазымдық жалақы мөлшері (еңбек өтіліне қарай ) |
|
1 |
Төлеби ауданы |
Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Туркістан облысы Төлеби ауданы Самал мөлтек ауданы 5 көше №4 |
Меңгеруші |
209179тг– 264869тг дейін |
|
2 |
Түркістан қаласы |
Түркістан облысының білім басқармасының "Түркістан қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Д.Тоған 25а |
Меңгеруші |
209179тг– 264869тг дейін |
5-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары
1-параграф. Арнайы білім беру ұйымының басшысы (меңгерушісі) (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар)
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Конкурс өткізу мерзімі: құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ақпарат алу үшін: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы. Анықтама сымтетігі: 8 (72533) 5-94-37, электронды почта Taspolat78@mail.ru.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.
Байқаушы кандидаттарға сұрақтар қоймайды, конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, кандидаттардың жеке деректеріне, конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жарияламайды, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.