ХАБАРЛАНДЫРУ!
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі (ТжКОБ) бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның (құрамы облыс әкімдігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №1-28 ө-н/қ өкімімен бекітілген) 2025 жылғы 12 маусымдағы №1 хаттамалық шешішімен облыс көлемінде ТжКОБ даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын білім беру ұйымдарының тізбесі анықталды!
Осыған орай, комиссияның шешіміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес талапкерлердің өтінімдерін қабылдау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (колледждер) мен "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Комиссияның ТжКОБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ТжКОБ ұйымдарында орналастыру туралы шешімін (мамандықты /біліктілік/, оқыту базасы /9,11-сынып, ТжКБ/, жобалық мүмкіндігін) төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.