
Құрметті желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ә.Бектұрғановтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысының білім басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 14 мамыр – 26 маусым аралығында жүргізіледі. Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекенжайларға жолдауыңызды сұраймыз. Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша төменде көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласа аласыз.
Байланыс нөмірі:
8-778-945-83-29
8-747-343-21-44