Меню
Страницы

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ

Күні:  16.03.2026 жыл.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілген.

Қағиданың 24-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Шардара ауданында орналасқан 41 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2026 жылдың 16 наурыз  күні мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша актілер қосымшаға сәйкес жарияланады.

Қағиданың нормалары бұзылған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы құжаттарды аудандық білім бөліміне ұсыну қажет.

Комиссия құрамы:

(Түркістан облысының білім басқармасының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі №337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 23 қаңтардағы №16 бұйрығымен бекітілген )

Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а., комиссия төрағасы, білім беру органының өкілі;

Касымбекова Айгул Ерхалиевна - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары, білім беру органының өкілі, комиссия мүшесі;

Нұрпейісов Жандос Саттарұлы - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары, білім беру органының өкілі, комиссия мүшесі;

Салимов Алмас Алтайұлы - Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық жергілікті мемлекеттік басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағасы комиссия мүшесі, жергілікті өкілді органның өкілі (келісім бойынша);

Жанаева Ғалия Амиралиевна - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімі басшысы, білім беру органының өкілі, комииссия мүшесі;

Мырзазия Жеңіс Мірәліұлы - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, білім беру органының өкілі;

Ыдырыс Әзірет Талғатұлы - ҚР ҰКП «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы,комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Турежанова Гулмира Нурмахановна - «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі (келісім бойынша);

Қамбарова Зухра Медеуқызы - «Қазақстан халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы (келісім бойынша);

Зекенова Кызбек Талгатовна - «Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Бейсембаев Бақытжан  Жармаханович - «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Қосымшада: 41 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мониторинг нәтижесі бойынша актілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные медиа
@turkistan.obl.bilim.basqarmasy
Түркістан Облысының Білім Басқармасы
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты