Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарлама
«Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары мен санаторлық мектеп-интернаттарда материалдық-техникалық базаны дамыту және сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес құрамына кіруге:
жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
қайырымдылық жасаушылар;
сондай-ақ ата-аналар комитеті ұсынған білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шақырылады.
Құрметті ата-аналар мен мүдделі тұлғалар!
Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдаймыз
(облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары туралы мәлімет қоса тіркеледі).
Ұсыныстар 2025 жылғы 14 қазанға дейін қабылданады.
Байланыс телефондары: 8 (72533) 5-13-93