Меню
Страницы

ХАБАРЛАНДЫРУ! Түркістан облысының білім басқармасы аудандық және қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының бос директор лауазымдарына конкурс жариялайды!

ХАБАРЛАНДЫРУ! Түркістан облысының білім басқармасы аудандық және қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының бос директор лауазымдарына конкурс жариялайды!

Аудан атауы

Мекеме атауы

Орналасқан жері

Лауазым атауы

Лауазымдық жалақы мөлшері

(еңбек өтіліне қарай )

1

Түркістан қаласы

«Гүлдер балабақшасы» мемлекеттік   коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, А.Сабырханов көшесі, 27 ү

Меңгеруші

187245 тг-227030 тг дейін.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, арнайы ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

      немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

       арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

      және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

 

 

 

 

Конкурс өткізу мерзімі: құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Ақпарат алу үшін: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім  басқармасы. Анықтама сымтетігі: 8 (72533) 5-94-37, электронды почта Taspolat78@mail.ru.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
           
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

 

     Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

Байқаушы кандидаттарға сұрақтар қоймайды, конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, кандидаттардың жеке деректеріне, конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жарияламайды, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.

Социальные медиа
@turkistan.obl.bilim.basqarmasy
Түркістан Облысының Білім Басқармасы
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты