Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем Кубогыгың суперфиналында отандасымыз Виктор Друзин еркін бағдарламада 190.1584 ұпай жинап, күміс иеленді.
Дәл осы сында әйелдер арасында Карина Магрупова 6-шы орынға тұрақтады. Сондай-ақ акробатикалық бағдарламада 192.5067 ұпаймен Қазақстан құрамасы (Наргиза Болатова, Этери Какутиа, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Женгазы) қола жүлдеге қол жеткізді.