ТИМУР ТАЙБЕКОВ ЯКУТСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ VIII ЖАЗҒЫ «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНДА БОКСТАН АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

ТИМУР ТАЙБЕКОВ ЯКУТСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ VIII ЖАЗҒЫ «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНДА БОКСТАН АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

Қарағандылық былғары қолғап шебері 75 кг дейінгі салмақта финалда өзбекстандық қарсыласын ұтты. Сондай-ақ бүгін 50 кг дейінгі салмақта Бекарыс Әділбай күміспен күптелді.

Осыған дейін Нұрмұхаммед Алдаберген (54 кг), Ақжүрек Қалабай (57 кг), Ислам Ермұхамбет (60 кг), Кеңесары-Әмір Маржықпаев (63 кг), Ерубай Тұрлыбай (80 кг) қола жүлдеге ие болған.

Ертең финалда Темірхан Жолмахан (52 кг) мен Нұрасыл Қарымбек 70 кг) жұдырықтасады.