«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығымен Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе, тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) бекітілді.
Аталған заңға тәуелді акт «Ойын бизнесі туралы» Заңның 15-бабының 2-тармағымен көзделген ойын бизнесі субъектілерінің ішкі ережелеріне сәйкес келуі тиіс ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе, тотализатор жұмысының үлгілік тәртібін айқындай отырып, құмар ойындары мен бәс тігулерді ұйымдастыру және өткізуге неғұрлым ашық, қауіпсіз және жауапты тәсілді қолдануды қамтамасыз етеді.
Үлгілік қағидалардың мақсаты – құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысушылардың мүдделерін қорғау, азаматтардың құмар ойындар мен бәс тігулерге тәуелділігінің алдын алу, сондай-ақ ойын бизнесі ұйымдастырушыларының жұмыс стандарттарын жетілдіру арқылы ойын бизнесі индустриясына деген сенімді нығайту.
Осылайша, Үлгілік қағидаларда:
Үлгілік қағидалар құмар ойындарға және бәс тігуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, ойын бизнесі субъектілері ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруды, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудың мәдениетін жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
Үлгілік қағидалар 2024 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енеді.