5-11 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

5-11 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

6-11 мамыр: Садақ атудан Әлем кубогі кезеңі
Қазақстан құрамасынан 9 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шанхай қ., Қытай.

6-16 мамыр: Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында 15 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Цзяншань қ., Қытай.

7-11 мамыр: Стенд атудан Гран-при турнирі
Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Пльзень қ., Чехия.

8-10 мамыр: Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты
Жарыста 24 отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Наньчан қ., Қытай.

8-11 мамыр: Спорттық гимнастикадан Challenge Cup 2025 – Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Варна қ., Болгария.

8-21 мамыр: Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты
Жаһандық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Хернинг қ., Дания.

9-11 мамыр: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі
Жарыста 2 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Портимао қ., Португалия.

9-11 мамыр: Семсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі
Қазақстан атынан 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Богота қ., Колумбия.

10-24 мамыр: Жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты (U-19, U-22)
Азия біріншілігіне отандық 13 былғары қолғап шебері қатысады.
Өтетін орны: Коломбо қ., Шри-Ланка.