Әлем кубогындағы 15 жүлде: спорттық гимнасшыларымыз ең жоғарғы нәтижесін тіркеді ме?

Әлем кубогындағы 15 жүлде: спорттық гимнасшыларымыз ең жоғарғы нәтижесін тіркеді ме?

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, мансабындағы ең үздік маусымын өткізе білді. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Әлем кубогының ортасынан басып қатысса да, 1 алтын, 2 қола нәтижесімен жанкүйерлерін қуанта білді. Дмитрий Патанин, Зейнолла Ыдырысов, Алтынхан Темірбек те жүлде алып, резервтің мықты екендігін дәлелдей білді.

✅Кейінгі жылдағы көрсеткіштеріміз:

2025 жыл– 7 алтын, 4 күміс, 4 қола
2024 жыл – 2 алтын, 2 қола
2023 жыл - 3 алтын, 1 қола
2022 жыл – 2 алтын, 2 күміс
2021 жыл – 1 күміс, 1 қола
2020 жыл - 1 күміс, 2 қола
2018 жыл – 1 алтын
2017 жыл – 1 күміс.