4 мамыр күні елордадағы «Қазанат» ипподромында классикалық ат жарысы мен бәйгенің ауқымды турнирі — Astana Cup өтеді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік жүйріктер қатысады.
Келушілерді 1200 м, 1600 м, 1800 м, 2000 м қашықтықтағы бәйгелермен қатар, аңызға айналған 12 шақырымдық «топ бәйге» мен 18 шақырымдық «аламан бәйге» күтіп тұр.
Басталуы: 12:00. Кіру тегін.
«Қазанат» ипподромына №303, 309 және 323 бағытындағы автобустармен жетуге болады.