Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
Сенбілік кезінде министрлік ұжымы бөлінген аумақты арамшөптерден тазартып, пластик пен тұрмыстық қалдықтарды жинады.
«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — табиғатты қоқыстан тазартып қана қоймай, қоғамды біріктіруге және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.