Қазақстандық спортшылар конкурдан Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогы кезеңінде жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық спортшылар конкурдан Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогы кезеңінде жүлделі орындарға ие болды

17–20 сәуір аралығында Ташкентте (Өзбекстан) конкурдан Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогының кезеңі өтті.

Еліміздің намысын қорғаған 6 спортшының екеуі жүлделі орындарға ие болды.

Ксения Баталова Lady Di тұлпарымен (160 см биіктіктегі 6-шы маршрутта) күміс жүлдені иеленді. Нұрила Турысбекова Nagano B атты тұлпармен (130 см биіктіктегі 5-ші маршрутта) қола медальға ие болды.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің 43 мықты шабандоздары қатысты. Бұл Еуразиялық лиганың күнтізбесіне енгізілген және Халықаралық маусымның маңызды кезеңі cаналады.

Қазақстандық спортшылардың бұл жарыстардағы нәтижесі халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдейді.