Туризм министрлігі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынып отыр

Туризм министрлігі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынып отыр

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, оқиғалық туризмді дамыту үшін Қазақстан.трэвел туристік порталында іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын әр түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді.

«2024 жылы осы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Министрлік бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірге одан әрі жалғастырады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, іс-шаралар дәстүрге айналған әрі жұртшылық асыға күтетіндей болуы керек.

«Осыған орай әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді», - деді ТСМ өкілі.

 

@ortcom_kz #CCS