Олжас Бектенов: туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет

Олжас Бектенов: туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.

Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.

«Қазақстан – тарихы терең, табиғаты әсем, мәдениет пен салт-дәстүрге бай мемлекет. Ұлан-ғайыр даламыздың әр қиырында туристерді қызықтыратын көрікті жерлер көп. Сондықтан туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет.

Бұл ретте, Қазақстандағы туризмнің даму әлеуеті өте жоғары. Соңғы 5 жылда туристердің саны 7,5 есеге өсті. Былтыр елімізге 15 млн-нан астам адам саяхаттап келді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

@KZgovernment