Шетелдік туристердің Neo Nomad Visa алу рәсімін жеңілдету мақсатында оны визалық көші-қон порталы арқылы электронды форматта ресімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылады. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ғана ресімдеуге болады. Бұл шетелдіктерге Қазақстанда бір жыл тұруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тағы бір маңызды бағыт – шопинг туризмін дамыту. Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болып саналады, бұл жүйе көптеген дамыған елдерде жұмыс істейді. Ал елімізде 2019 жылы пилоттық режимде Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілген. Аталған жүйе аясында шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылды. Орташа сату чегі 837 мың теңгені құрады. Бұл әлемдегі үздік 10 елдің қатарындағы көрсеткіш.
Осыған байланысты Туризм министрлігі Tax Free жүйесін пилоттық жүйеден тұрақты жұмыс режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ осы жүйені еліміздің барлық өңірлерінде енгізуді ұсынады.
@KZgovernment